Kk

اَلنِّيَّةُ | Intentions

اَللَّهُمَّ إِنِّي نَوَيْتُ بِالصَّلَوٰةِ عَلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ امْتِثَالاً لِّأَمْرِكَ وَتَصْدِيقًا لِنَبِيِّكَ مُحَمَّدٍ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَمَحَبَّةً فِيهِ وَشَوْقًا إِلَيْهِ وَتَعْظِيمًا لِّقَدْرِهِ وَلِكَوْنِهِ أَهْلاً لِّذَلِكَ
Уа, Аллаһым! Сенің әміріңе бойұсынып, Пайғамбарың Мұхаммедті (с.а.с.) растап, оған деген махаббат пен сағынышпен, оның қадірін ұлықтап, әрі ол осыған лайық болғандықтан, Пайғамбарға салауат айтуға ниет еттім
فَتَقَبَّلْهَا مِنِّي بِفَضْلِكَ وَإِحْسَانِكَ وَأَزِلْ حِجَابَ الْغَفْلَةِ عَنْ قَلْبِي وَاجْعَلْنِي مِنْ عِبَادِكَ الصَّالِحِينَ.
Оны Өзіңнің кеңшілігіңмен әрі мейіріміңмен менен қабыл ет, жүрегімнен ғапылдық пердесін айырып, мені салиқалы құлдарыңның қатарына қоса көр
اَللَّهُمَّ زِدْهُ شَرَفًا عَلَىٰ شَرَفِهِ الَّذِيٓ أَوْلَيْتَهُ. وَعِزًّا عَلَىٰ عِزِّهِ الَّذِيٓ أَعْطَيْتَهُ.
Уа, Аллаһым! Оған Өзің берген абыройдың үстіне абырой қосып, Өзің сыйлаған ұлылықтың үстіне ұлылықты арттыра түс
وَنُورًا عَلَىٰ نُورِهِ الَّذِي مِنْهُ خَلَقْتَهُ وَأَعْلِ مَقَامَهُ فِي مَقَامَاتِ الْمُرْسَلِينَ. وَدَرَجَتَهُ فِي دَرَجَاتِ النَّبِيئِينَ.
Оған Өзің оны жаратқан нұрыңның үстіне нұр үстеп, оның мақамын елшілер мақамынан, ал дәрежесін пайғамбарлар дәрежесінен биіктет
وَأَسْئَلُكَ رِضَاكَ وَرِضَاهُ يَا رَبَّ الْعَالَمِينَ. مَعَ الْعَافِيَةِ الدَّآئِمَةِ وَالْمَوْتِ عَلَى الْكِتَابِ وَالسُّنَّةِ وَالْجَمَاعَةِ وَكَلِمَتَيِ الشَّهَادَةِ عَلَىٰ تَحْقِيقِهَا مِنْ غَيْرِ تَبْدِيلٍ وَّلَا تَغْيِيرٍ.
Уа, әлемдердің Раббысы! Сенен Өзіңнің және Оның ризалығын, мәңгілік есендік пен Кітап, Сүннет және жамағат жолында, ешбір өзгеріссіз кәлима шәһадатты шынайы бекітіп жан тапсыруды сұраймын
وَاغْفِرْ لِي مَا ارْتَكَبْتُهُ بِفَضْلِكَ وَجُودِكَ وَكَرَمِكَ يَآ أَكْرَمَ الْأَكْرَمِينَ.
Уа, жомарттардың ең Жомарты! Өзіңнің кеңшілігіңмен, жомарттығыңмен және игілігіңмен істеген күнә-қателіктерімді кешіре көр
وَصَلَّى اللَّهُ عَلَىٰ سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ خَاتَمِ النَّبِيِّينَ وَإِمَامِ الْمُرْسَلِينَ. وَعَلَىٰٓ ءَالِهِ وَصَحْبِهِ أَجْمَعِينَ. وَسَلَامٌ عَلَى الْمُرْسَلِينَ. وَالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ.
Алла Тағала пайғамбарлардың мөрі әрі елшілердің имамы – мырзамыз Мұхаммедке, оның әулеті мен барша сахабаларына салауат етсін. Елшілерге сәлем, әрі әлемдердің Раббысы Аллаға мадақ болсын