أَرْوَاحُنَا تُرَوَّحْ وَالصَّدْرُ صَاحِ يُشْرَحْ
Kk
صَلاةُ الله على مَنْ
صَدْرُهْ بِالنُّورِ مَشْروحْ
Алланың салауаты болсын сол жанға
Кеудесі нұрмен ашылған,
المُصطَفَى مُحَمَّدْ
حَبِيبِ القَلبِ وَالرُّوحْ
Мұстафа Мұхаммедке
Жүрек пен жанның сүйіктісіне.
أَرْوَاحُنَا تُرَوَّحْ
وَالصَّدْرْ صَاحْ يِشْرَحْ
Рухымыз серги түседі
Әрі кеудеміз шаттыққа бөленеді,
فِي جَاهْ طَهَ الأَفْسَحْ
فَاحْضُرْ مَعَانَا تَرْبَحْ
Таһаның ұлы дәрежесі арқылы
Бізге қосыл да, табысқа жет.
وَاشْرَبْ لِكَأْسٍ أَطيَبْ
وذُقْ هَوَانَا وَاطْرَبْ
Ең тәтті тостағаннан іш
Махаббатымызды татып, шаттыққа бөк;
وَفِي الحِمَى تَقَرَّب
تُعْطَى الصَّفَا وَتُمْنَحْ
Қасиетті мекенде жақын бол
Саған тыныштық сыйланып, тазалық беріледі.
وَاعزِمْ بِصَدْقٍ كَامِلْ
مَعْ سَادَةِ الفَضَائِلْ
Толық шынайылықпен ниеттен
Ізгілік иелерімен бірге болуға,
وَجَامِعِي الشَّمَائِلْ
وُرَّاثْ طَهَ الأَمْلَحْ
Асыл қасиеттерді бойына жинағандар
Нұрлы Таһаның мұрагерлері.
وَارْقَ إِلَى المَعَالِي
وَمُرْتَقَى الكَمَالِ
Биік шыңдарға көтеріл
Әрі кемелдік шыңына ұмтыл;
تَظْفَرْ بِعَيْشٍ حَالِي
تَرُوْحُ بِهْ وَتَسْرَحْ
Сонда тәтті өмірге жетесің
Емін-еркін, қуанышпен ғұмыр кешесің.
للهِ مِنْ مَقَامِ
عَالٍ وَرَافِعْ سَامِي
Қандай ғажап, биік мәртебе
Асқақтаған ұлы дәреже,
لِخِيْرَةِ الأَنَامِ
مِنْ كُلِّ أَسْبَقْ أَصْلَحْ
Барша адамзаттың ең абзалына тән
Әрбір асыл негіздің ең алдыңғысы әрі ізгісі.
وُرَّاثْ طَهَ الهَادِي
وَأَجْوَدِ الأَجْوَادِ
Тура жол бастаушы Таһаның мұрагерлері
Жомарттардың ең жомартының,
وَجَامِعِ الأَمْجَادِ
وَكُلِّ وَصْفٍ أَمْلَحْ
Барша ұлылықты бойына жинаушының
Әрі әрбір көркем қасиеттің.
فِيْهِ المَلَاحَهْ تَمَّتْ
خَيْرَات فَضْلُهْ عَمَّتْ
Оның бойында сұлулық толыққан
Рақымының шапағаты баршаға таралған.
لَهُ المَطَايَا أَمَّتْ
مِنْ كُلِّ رَكْبٍ أَفْلَحْ
Оған қарай көліктер ағылған
Әрбір табысты керуеннен.
يَافَوْزَنَا بِحُبِّهْ
نَظْفَرْ عَسَى بِقُرْبِه
Оны сүю біз үшін қандай бақыт
Оған жақын болуды нәсіп еткей,
مَعَ خِيَارِ حِزْبِهْ
مِنْ كُلِّ صَادِقْ أَنْجَحْ
Оның қауымының ең таңдаулыларымен бірге
Әрбір шынайы әрі табысты жанның арасында.
هُوْ مَعْدِن النَّجَاحِ
وَالفَوْزِ وَالصَّلَاحِ
Ол – жетістіктің қайнар көзі
Жеңіс пен ізгіліктің бұлағы,
وَرَاحَةُ الأَرْوَاحِ
بِهِ يَا احْبَابْ نَفْرَحْ
Әрі рухтардың тыныштығы
Уа, сүйіктілер, сол арқылы біз шаттанамыз.
هُنَا وَفِيْ القِيَامَهْ
وَدَار لِلْمُقَامَهْ
Осында әрі Қиямет күнінде де
Және мәңгілік тұрақ мекенінде,
وَتُدْرِكُ السَّلَامَهْ
سَلَامْ رَبِّي تُمْنَحْ
Амандыққа қол жеткізесің
Раббымның сәлемі саған нәсіп етілсін.
تَحِيَّةِ الإلَهِ
لاهلِ المَقَامِ البَاهِي
Алланың сәлемі болсын
Сол ғажап мәртебе иелеріне,
مِنْ عَارِفٍ أوَّاهِ
صَلَّى لَهُ وَسَبَّحْ
Іңкәр, терең танушы құлынан
Оған салауат айтып, Алланы ұлықтаған.
وَمُقْتَدٍ بِأَحْمَدْ
المُصْطَفَى مُحَمَّدْ
Әрі Ахмедке ерген жанға
Таңдаулы Мұстафа Мұхаммедке —
لَهُ الإلَه يَحْمَدْ
يَمْنَحُهْ حُبُّهْ يَمْنَحْ
Оны Алланың Өзі мадақтайды
Оған махаббатын сыйлайды, үнемі сыйлай береді.
يَا رَبِّ هَبْنَا حُبَّا
وَمَعْرِفَهْ وَقُرْبَا
Уа, Раббым, бізге махаббат сыйла
Өзіңді тануды әрі Саған жақындықты —
وَأَهْلَنَا وَصَحْبَا
وَعَنَّنَا اعْفُ وَاصْفَحْ
Бізге, отбасымызға әрі достарымызға
Бізді кешіріп, қателерімізді кеше гөр.
وَاخْتِمْ لَنَا بِالحُسْنَى
عَلَى مَقَامٍ أَسْنَى
Бізге қайырлы аяқталуды нәсіп ет
Ең асқақ мәртебеде,
وَشُربِ كَأَسٍ أَسْنَى
نَحِبْ لِقَائَكْ نَفْرَحْ
Әрі ең нұрлы тостағаннан сусындауды
Сенімен қауышуды сүйіп, оған шаттанамыз.
نُرَافِقِ المُشَفَّعْ
ذَا القَدْرِ الأَعْلَى الأَرْفَعْ
Шапағатшыға серік болайық
Ең биік әрі ең асқақ дәреже иесіне,
فِي حَال فَوْقَ المَطْمَعْ
دُوْنُهْ جَمِيْعِ المَطْمَحْ
Барлық үміт пен арманнан асқан күйде
Өйткені әрбір мақсат оның алдында дәрменсіз.