صَلِّ يَا سَلَامْ عَلَى الْوَسِيلَةْ
Уа, Сәләм, Уәсиләға салауат ет
Kk
صَلِّ يَا سَلَامْ عَلَى الْوَسِيلَةْ
وَشَمْسِ الْأَنَامْ طَلْعَةِ لَيْلَى
Уа, Сәлем Иесі, Ұлы Дәнекерге салауат айт,
Күллі жаратылыс күніне, Лейланың ажарына
يَا سَاقِي الْعُشَّاقْ أَمْلَ الْكُؤُوسَا
مِنْ خَمْرِ الْأَذْوَاقْ يُحْيِي النُّفُوسَا
Уа, ғашықтар сақиі, тостағандарды толтыр,
Рухтарды тірілтетін талғам шарабымен
حَضْرَةُ الْإطْلَاقْ أَبْدَتْ شُمُوسَا
مَحَتِ الرَّوَاقْ عَنْ وَجْهِ لَيْلَى
Шексіз Хазіреттен нұрлы күндер туды,
Лейланың дидарынан перделерді сыпырды
صَلِّ يَا سَلَامْ عَلَى الْوَسِيلَةْ
وَشَمْسِ الْأَنَامْ طَلْعَةِ لَيْلَى
Уа, Сәлем Иесі, Ұлы Дәнекерге салауат айт,
Күллі жаратылыс күніне, Лейланың ажарына
مُبْتَغَى الْعُشَّاقْ حِينَ تَجَلَّى
فِي ذَاتِ الْخَلَّاقْ اَلْمَوْلَى جَلَّ
Тәжәлли кезіндегі ғашықтардың мұраты,
Ұлы Ие – Жаратушының Затында
مِنْ بَحْرِ الْإِطْلَاقْ حِينَ تَجَلَّى
بِكُلِّ رَوْنَقْ جَمَالُ لَيْلَى
Шексіздік теңізінен нұр шашылғанда,
Лейланың көркі бар салтанатымен құлпырды
صَلِّ يَا سَلَامْ عَلَى الْوَسِيلَةْ
وَشَمْسِ الْأَنَامْ طَلْعَةِ لَيْلَى
Уа, Сәлем Иесі, Ұлы Дәнекерге салауат айт,
Күллі жаратылыс күніне, Лейланың ажарына
صَاحَتِ الْأَطْيَارْ فَوْقَ الْمَنَابِرْ
وَفَاحَ الْأَزْهَارْ وَالرَّوْضُ عَاطِرْ
Міңберлер үстінде құстар сайрады,
Гүлдер аңқып, бақша жұпарға толды
رَنَّتِ الْأَوْتَارْ وَالْحِبُّ حَاضِرْ
غَنِّ يَا خَمَّارْ بِحُسْنِ لَيْلَى
Сүйікті қатысқанда ішектер үн қатты,
Уа, сақи, Лейланың көркін жырла
صَلِّ يَا سَلَامْ عَلَى الْوَسِيلَةْ
وَشَمْسِ الْأَنَامْ طَلْعَةِ لَيْلَى
Уа, Сәлем Иесі, Ұлы Дәнекерге салауат айт,
Күллі жаратылыс күніне, Лейланың ажарына
يَا عَيْنَ الْعُيُونْ ظَهَرْتَ جَهْرَا
بِجَمْعِ الْفُنُونْ كَأْسًا وَخَمْرَا
Уа, қайнарлардың қайнары, Сен анық көріндің,
Барлық бейнеде: тостаған мен шарапта
زَالَتِ الشُّجُونْ طَابَتِ الْحَضْرَةْ
بِالسِّرِّ الْمَكْنُونْ مِنْ كَنْزِ لَيْلَى
Мұңдар сейіліп, Хазірет нұрға бөленді,
Лейла қазынасының жасырын сырымен
صَلِّ يَا سَلَامْ عَلَى الْوَسِيلَةْ
وَشَمْسِ الْأَنَامْ طَلْعَةِ لَيْلَى
Уа, Сәлем Иесі, Ұлы Дәнекерге салауат айт,
Күллі жаратылыс күніне, Лейланың ажарына
اِبْنُ يَلِّسْ هَامْ لَمَّا سُقِيَا
مِنْ خَمْرِ الْأَذْوَاقْ فَانِي بَاقِيَا
Ибн Иаллас шарап ішкенде мас болды,
Талғам шарабынан ішіп, фәни боп, бақилық тапты
عَلَيْكَ السَّلَامْ خَيْرَ الْبَرِيَّةْ
مَا سُقِيَ الْمُدَامْ فِي حَيِّ لَيْلى
Саған сәлем болсын, жаратылыстың абзалы,
Лейла ауылында шарап ұсынылып тұрғанша