عَلَى الْعَقِيقِ اجْتَمَعْنَا
Ақиқта бас қостық
Kk
عَلَى الْعَقِيقِ اجْتَمَعْنَا
نَحْنُ وَسُودُ الْعُيُونِ
Әл-Ақиқ аңғарында жиналдық біз
қара көзді арулармен бірге
مَا ظَنِّ مَجْنُونَ لَيْلَى
قَدْ جُنَّ بَعْضَ الْجُنُونِ
Ләйлінің Мәжнүні туралы не ойлайсың?
Оның көргені — осы ессіздіктің бір шеті ғана
فَيَا عُيُوني عَيَوْنِي
وَيَا جُفُونِي جَفَوْنِي
Ей, көздерім, мені қалай қажыттыңдар
ей, кірпіктерім, маған қалай жат болдыңдар
وَيَا قُلَيْبِي تَصَبَّرْ
عَلَى الَّذِي فَارَقُونِي
Ей, бейбақ жүрегім, сабыр сақта
менен ажырап кеткен жандар үшін
فَارَقْتُهُمْ يَوْمَ الاِثْنَيْنِ
صُبْحَ الثَّلَاثَا وَاحِشُونِي
Дүйсенбі күні олардан айырылып едім
Сейсенбінің таңында-ақ сағыныштан сарғайдым
هُمْ سَادَةٌ خَلَّفُونِي
أَبْكِي دَماً مِنْ عُيُونِي
Олар — мені көз жасымды қан қылып
қалдырып кеткен асыл бектер
بَكَيْتُ حَتَّى رَثَانِي
الْطَّيْرُ فَوْقَ الْغُصُونِ
Жылағаным соншалық, тіпті бұтақтағы
құстар да маған аяушылық білдірді
بِاللهِ إِنْ مُتُّ شَوْقاً
بِأَدْمُعِي غَسِّلُونِي
Алла атымен, егер сағыныштан өлсем
мені өз көз жасыммен жуындырыңдар
نُوحُوا عَلَيَّ وَقُولُوا
هَذَا قَتِيلُ العُيُونِ
Маған жоқтау айтыңдар да, былай деңдер:
«Мынау — сол көздердің құрбаны»
مَا زِلْتُ حَوْلَ الْمَطَايَا
أَقُولُ بِاللهِ احْمِلُونِي
Көліктердің маңында жүріп, жалындым:
«Алла атымен, мені де ала кетіңдер
إِلَى مَنَازِلِ قَوْمِي
سَارُوا وَمَا وَدَّعُونِي
Туған елімнің жұртына қарай!»
Олар маған қоштасуды да айтпай кетіп қалды
رُوحْ يَا رَسُولِي إِلَيْهِمْ
سِرْعاً وَقَبِّلْ يَدَيْهِمْ
Ей, елшім, оларға қарай асық
тез жетіп, қолдарынан сүй
وَاقْرَأْ سَلَامِي عَلَيْهِمْ
لَعَلَّهُمْ يَقْبَلُونِي
Менің сәлемімді жеткіз оларға
бәлкім, олар мені қабыл алар
جَانِي الْرَّسُول وَهُوَ يَضْحَكْ
وَقَالَ أَبْشِرْ بِصُلْحِكْ
Елшім маған күлімсіреп оралды
«Сүйінші, татуласатын болдың!» деді
وَحَيَاةِ عَيْشِكَ وَمِلْحِكْ
هُمْ بِالوِصَالِ وَاعَدُونِي
Арадағы дәм-тұздың хақысы үшін
олар сенімен қауышуға уәде берді