مَا مَعِي وَجَهْ قَابِل بِهْ سِوَى حُسُنْ ظَنِّي
Саған деген жақсы үмітімнен басқа алдыңа шығар бетім жоқ
Kk
مَا مَعِي وَجَهْ قَابِل بِهْ سِوَى حُسُنْ ظَنِّي
فِيكْ يَا رَبِّ فَارْحَمْنِي وَلَا تَمْتَحِنِّي
Өзіңе деген ізгі үмітімнен басқа Алдыңа барар бетім жоқ,
Иә, Раббым, маған рақым ет, мені сынаққа сала көрме
تُبْتْ يَا رَبِّ فَاقْبَلْ تَوْبَتِي وَاعْفُ عَنِّي
وَامْحُ ذَنْبِي وَسَامِحْ كُلَّ تَقْصِيرْ مِنِّي
Тәубе еттім, Раббым, тәубемді қабыл алып, мені кешір,
Күнәмді өшіріп, әрбір кемшілігімді ғафу ет
خِفِتْ مِنْ عَاقِبَةْ أَمْرِي فَجُدْ لِي بِأَمْنِي
مَحِضْ فَضْلٍ وَإِحْسَانٍ وَجُودٍ وَمَنِّ
Ісімнің соңынан қорқамын, маған амандық бере гөр,
Өзіңнің шынайы кеңшілігіңмен, жақсылығыңмен әрі жомарттығыңмен
آه مِنْ عَثْرَتِي يَا رَبِّ مِنْهَا أَقِلْنِي
زَادْ ذَنْبِي وَمِنْ كُثْرِ الْخَطَا حَارْ ذِهْنِي
Әттең, сүрінгенім-ай! Раббым, мені қайта тұрғызшы,
Күнәм үдеп, қателіктерімнің көптігінен санам сансырады
أَدْرِكْ أَدْرِكْ بِتَعْجِيلِ الْفَرَجْ وَانْتَقِدْنِي
وَاعْطِنِي عِلِمْ مِنْكَ يَا إِلَهِي لَدُنِّي
Жәрдем бер, тезірек жеңілдік жіберіп, мені құтқаршы,
Уа, Илаһым, маған Өз құзырыңнан ілім нәсіп ет
يَنْجَلِي بِهْ عَنِ الْقَلْبِ الْصَّدِى كُلَّ رَيْنِ
ياَ سَمِيعَ الْدُّعَاءْ سَلْكَ اسْتَجِبْ وَاسْتَمِعْنِي
Сол іліммен жүректегі барлық тат пен кір арылсын,
Уа, дұғаны Естуші, тілегімді қабыл алып, құлақ ас
مَا لِي إِلَّا أَنْتَ مُعْطِي
مَا لِي إِلَّا أَنْتَ مُغْنِي
Сенен басқа маған берер ешкім жоқ,
Сенен басқа мені байытар ешкім жоқ