صَفَتِ النَّظْرَهْ
Көзқарас айқындалды
Kk
صَفَتِ النَّظْرَهْ طَابَتِ الْحَضْرَةْ
جَاءَتِ الْبُشْرَى لِأَهْل اللهِ
Көңіл нұрланып, мәжіліс көркемделді
Алла еліне сүйінші хабар келді
قَامُوْا سُكَارَى لِذِي الْبِشَارَه
جَعْلَوْا عِمَارَهْ شُكْراً لِلّهِ
Шаттық хабардан мастанғандай түрегелді
Аллаға шүкір айтып, зікір шеңберін құрды
أَيُّهَا الْحَاضِرْ اُذْكُرْ وَذَاكِرْ
إِيَّاكَ تُنْكِرْ حَالَ أَهْلِ اللهِ
Уа, мұндағы жан, зікір ет те еске сал
Алла достарының халін теріске шығарма
فَسَلِّمْ لَهُمْ فِيمَا عَرَاهُمْ
وَاعْلَمْ أَنَّهُمْ غَابُوْا فِي اللهِ
Олардың басына не келсе де бойұсын
Білгін, олар Хақ жолында жоқ болды
فَالْوَجْدُ بِهِمْ دَاعِيْ يَدْعِيْهِمْ
يَطْرَأْ عَلَيْهِمْ فِيْ ذِكْرِ اللهِ
Уәжд – оларды шақырған бір жаршы
Алланы зікір еткенде бойларын билейді
وَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَلْيَتَوَاجَدْ
قَصْداً يَتَعَرَّضْ لِفَضْلِ اللهِ
Кімде уәжд болмаса, оны іздеп талпынсын
Тәңірдің кеңшілігінен ниетпен үміт қылсын
هَكَذَا قَالُوْا وَلِذَا مَالَوْا
وَلَقَدْ غَالُوْا فِي ذِكْرِ اللهِ
Осылай деп айтып, солай тербелді
Алланың зікіріне шексіз берілді
حَتَّى قَدْ ظَنَّا مَنْ لَيْسَ مِنَّا
أَنَّا جُنِنَّا بِذِكْرِاللهِ
Тіпті бізден еместер де солай ойлады
"Зікірден бұлар есінен танды" деп
هَنِيْئاً لَنَا ثُمَّ بُشْرَانَا
إِنْ كَانَ لَنَا حُمْقٌ فِي اللهِ
Қандай бақыт бізге, қандай сүйінші
Егер ессіздігіміз Хақ жолында болса