سَكَنَ الْفُؤَادَ فَعِشْ هَنِيئاً يَا جَسَدْ
The Beloved Dwells Within the Heart, So Live in Bliss
Kk
مَدَدْ مَدَدْ مَدَدْ مَدَدْ
مَدَدْ يَا رَسُولَ الله
Медет бер, медет!
Иә, Алланың Елшісі, медет бер!
سَكَنَ الْفُؤَادَ فَعِشْ هَنِيئاً يَا جَسَدْ
هَذَا النَّعِيمُ هُوَ الْمُقِيمُ إِلَى الْأَبَدْ
Жүрекке Сүйікті орнықты, шаттықта бол, уай, тән!
Бұл – мәңгілікке созылатын баянды нығмет.
أَصْبَحْتُ فِي كَنَفِ الْحَبِيبِ وَمَنْ يَكُنْ
جَارَ الْحَبِيبِ فَعَيْشُهُ الْعَيْشُ الرَّغَدْ
Сүйіктінің панасына келдің, ал кімде-кім
Оған көрші болса, оның өмірі рақат пен шаттыққа толы.
عِشْ فِي أَمَانِ اللَّهِ تَحْتَ لِوَائِهِ
لَا خَوْفَ فِي هَذَا الْجَنَابِ وَلَا نَكَدْ
Алланың амандығында, Оның туының астында ғұмыр кеш
Бұл құзырда не қорқыныш, не қайғы-мұң жоқ.
لَا تَخْشَ مِنْ فَقْرٍ فَعِنْدَكَ بَيْتُ مَنْ
كُلُّ الْمُنَى لَكَ مِنْ أَيَادِيهِ مَدَدْ
Кедейліктен қорықпа, қасыңда сондай жанның үйі бар
Барлық тілегіңе оның жомарт қолынан медет келер.
رَبُّ الْجَمَالِ وَمُرْسِلُ الْجَدْوَى
هُوَ فِي الْمَحَاسِنِ كُلِّهَا فَرْدٌ أَحَدْ
Сұлулық иесі әрі мол береке жіберуші
Ол барлық кемелдікте жалғыз әрі теңдессіз.
قُطْبُ النُّهَى غَوْثُ الْعَوَالِمِ كُلِّهَا
أَعْلَى مَنْ سَادَ أَحْمَدُ مَنْ حَمَدْ
Даналықтың тірегі, барша әлемнің медеті
Ең биік тұлға – мақталғандардың абзалы Ахмет.
رُوحُ الْوُجُودِ حَيَاةُ مَنْ هُوَ وَاجِدُ
لَوْلَاهُ مَا تَمَّ الْوُجُودُ لِمَنْ وَجَدْ
Болмыстың рухы, әрбір тірі жанның өмірі
Ол болмағанда, барлық жаратылыс толықтыққа жетпес еді.
عِيسَى وَآدَمُ وَالصُّدُورُ جَمِيعُهُمْ
هُمْ أَعْيُنٌ هُوَ نُورُهَا لَمَّا وَرَدْ
Иса мен Адам және жаратылыстың барлық абзалдары
Олар көз іспетті болса, Ол – сол көздер көретін нұр.
لَوْ أَبْصَرَ الشَّيْطَانُ طَلْعَةَ نُورِهِ
فِي وَجْهِ آدَمَ كَانَ أَوَّلَ مَنْ سَجَدْ
Егер шайтан Адамның жүзіндегі
Оның нұрының шұғыласын көргенде, бірінші болып сәжде етер еді.
أَوْ لَوْ رَأَى النُّمْرُودُ نُورَ جَمَالِهِ
عَبَدَ الْجَلِيلَ مَعَ الْخَلِيلِ وَلَا عَنَدْ
Егер Намрұд Оның көркемдігінің нұрын көрсе
Ибраһим Халилулламен бірге Ұлы Аллаға бас иер еді.
لَكِنَّ جَمَالَ اللَّهِ جَلَّ فَلَا يُرَى
إِلَّا بِتَخْصِيصٍ مِنَ اللَّهِ الصَّمَدْ
Бірақ Алланың көркемдігі өте жоғары, Ол көрінбейді
Тек Мәңгілік Пана – Алланың ерекше рақымымен ғана ашылады.
فَأَبْشِرْ بِمَنْ سَكَنَ الْجَوَانِحَ مِنْكَ يَا
مَنْ قَدْ مَلَأْتَ مِنَ الْمُنَى عَيْناً وَيَدْ
Көкірегіңе орныққан Ол жанмен сүйіншіле
Уай, барлық арман-тілегі орындалып, көзі мен қолы толған жан.
عَيْنُ الْوَفَا مَعْنَى الصَّفَا سِرُّ النَّدَى
نُورُ الْهُدَى وَرُوحُ النُّهَى جَسَدُ الرُّشْدْ
Адалдықтың қайнар көзі, пәктіктің мәні, жомарттықтың сыры
Тура жолдың нұры, даналықтың рухы әрі туралықтың бейнесі.
ثُمَّ الصَّلَاةُ عَلَى النَّبِيِّ الْمُرْتَضَى
الْجَامِعِ الْمَخْصُوصِ مَا دَامَ الْأَبَدْ
Содан соң таңдаулы Пайғамбарға салауат болсын
Мәңгілікке дейін барлық қасиетті жинаған ерекше жанға.