أَيَا مُرِيْدَ الله
Kk
الله الله الله الله سَيَّدِي الله
الله الله الله اَلْعَظِيْمُ الله
Алла, Алла, Алла, Алла, Сәруар Ием Алла
Алла, Алла, Алла, Асқақ Ием Алла
أَيَا مُرِيْدَ اللهُ نُعِيدْ لَكْ قَوْلِ اصْغَهْ
إِذَا تَفْهَمْ قَوْلِي بِهِ تَصِلْ لِلّهْ
Уа, Алланы іздеген мүрид, сөзімді тыңдап санаңа түй
Сөзімді ұқсаң, сол арқылы Аллаға жетерсің
عَلَيْكَ يَا مُرِيدْ بِخَمْرَةِ التَّوْحِيدُه
وَإِنْ تَبْغِ الْمَزِيدْ فَالْغَيْرُ عَنْكَ انْسَهْ
Уа, мүрид, саған Тәуһид шарабын ішу керек
Егер артығын қаласаң, Одан өзгенің бәрін ұмыт
فَاذْكُرْ الاسْمَ الْأَعْظَمْ وَاطْوِ الْكَوْنَ تَغْنَمْ
وَخُضْ بَحْرَ الْقِدَمْ فَذَاكَ بَحْرُ الله
Ұлы есімді зікір ет те, әлемді жиып олжаға кенел
Әуелгілік теңізіне бойла, ол – Алланың теңізі
وَخُضْ بَحْرَ الْأَنْوَارْ وَالْمَعْنَى وَالْأَسَرَارْ
وَافْنِ هَذِي الدِّيَارْ يَبْلُغْ قَلْبُكْ مُنَاهْ
Нұрлар, мағыналар мен сырлар теңізіне сүңгі
Мына мекендерде жоқ бол, жүрегің мұратына жетер
وَلْتَفْنَ في الْمَعْبُودْ تَذُوقْ مَعْنَى الشُّهُودُ
إِذْ لَيْسَ ذَا الْوُجُودْ إِلَّا مِنْ نُورِ الله
Құлшылық Иесінде фәни бол, сонда көру мәнін татарсың
Себебі мына болмыс – тек Алланың нұрынан ғана
الْمُلْكُ وَالْمَلَكُوتْ كَذَاكَ الْجَبَرُوتْ
فَكُلُهَا نُعُوتْ وَالذَّاتُ مُسَمَّاهُ
Мүлік пен Мәләкут, сондай-ақ Жәбәрут әлемі
Бұлардың бәрі – сипаттар, ал Зат – Оның атауы
فَغِبْ عَنِ الصِّفَاتْ وَافْنَ في ذَاتِ الذَّاتْ
هَذِي تَلَوُّنَاتْ مَصِيرُهَا لِلِهُ
Сипаттардан ғайып бол да, Заттың Затында жоқ бол
Бұл түрленулердің соңы – тек Аллаға тән
إِلَيْهِ الْمُنْتَهَى وَمِنْهُ الْمُبْتَدَا
وَالْآنَ قَدْ بَدَا وَالْكَوْنُ فِي حُلَاهْ
Шегі де – Оған, бастауы да – Одан
Міне, Ол көрінді, бүкіл ғалам – Оның көркемдігінде
لَهُ الْكَوْنُ مِرْآتْ وَمَظْهَرُ الصِّفَاتْ
مُحَمَّدْ نُورُ الذَّاتْ عَلَيْهِ صَلَّى الله
Әлем – Оның айнасы әрі сипаттарының көрінісі
Мұхаммед – Заттың нұры, оған Алланың салауаты болсын
الْعَلَاوِيْ يَقُوْلْ قَوْلًا مِنْهُ مَقْبُولُ
تَهِيْمُ بِهِ الْعُقُولْ تَغِيبْ فِي ذَاتِ الله
Әл-Әләуи қабыл боларлық сөз айтады
Одан ақылдар есеңгіреп, Алланың Затында ғайып болады