بِفَاطِمَةْ قَدْ صَفَا حَالِي
Фатимамен халім пәктелді
Kk
Kk
بِفَاطِمَةْ قَدْ صَفَا حَالِي وَنِلْتُ الْمَرَامْ
بِضْعَة مُحَمَّدْ حَبِيبِ اللهْ خَيْرِ الْأَنَامْ
Фатимамен халім жақсарып, бар мұратыма жеттім
Хақ сүйіктісі, абзал адам Мұхаммедтің бір бөлшегі.
أَعْلَى لَهَا اللهْ قَدْراً فِي الْعُلَا وَالْمَقَامْ
نِعْمَ الْبَتُولْ الْرَّضِيَّةْ نُورْ كُلِّ الْظَّلَامْ
Алла оның қадірі мен мәртебесін биіктетті
Пәк әрі разы болған жан, қараңғылықтағы нұр қандай ғажап!
أُمِّ الْحَسَنْ وَالْحُسَيْنْ أَهْلِ الْمَرْقَى الْعِظَامْ
لَهُمْ عَطَايَا مِنَ الْمَوْلَى كِبَارٌ جِسَامْ
Асқақ мәртебелі Хасан мен Хұсейіннің анасы
Оларға Жаратушыдан ұлы да мол сыйлар берілген.
هُمْ سَادَةَ أَهْلِ الْجِنَانِ الْعَالِيَةْ يَا غُلَامْ
مَنْ حَبَّهُمْ صِدِقْ بَا يِسْكُنْ بِدَارِ الْسَّلَامْ
Олар — биік жәннаттардың төрелері, уа, талапкер
Кім оларды шын сүйсе, есендік мекеніне орнар.
وَمَنْ تَعَلَّقْ بِهِمْ يَظْفَرْ بِنَيْلِ الْمَرَامْ
أَكْرَمْتِ يَا بِضْعَةَ أَحْمَدْ فَانْعَمِي بِالْتَّمَامْ
Кім оларға бауыр басса, мұратына қол жеткізер
Жомартсың, уа, Ахметтің бір бөлшегі, игілігіңді толықтыр.
وَامْنَحِي عَبْدَكُمْ فِي الْقُرْبْ أَعْلَى وِسَامْ
نَقُومْ بِحَمِلْ الْرَّيَاتِ الْهُدَ أَحْسَنْ قِيَامْ
Құлыңа жақындықтың ең биік мәртебесін сыйла
Тура жолдың туын ең көркем түрде ұстау бақытын бер.
تَعُمْ دَعْوَتُهْ فِي الْأَكْوَانْ كُلِّ الْأَنَامْ
نِلْبَسْ خِلَعْ إِرْثْ مَا يَصِفْ سَنَاهَا كَلَامْ
Оның шақыруы бүкіл жаратылысқа жайылсын
Сонда біз сөзбен айтып жеткізсіз пайғамбарлық мұра шапанын киеміз.
يَا نُورْ قَلْبِي وَيَا أُمِّي عَلَيْكِ الْسَّلَامْ
فِي كُلِّ حَالٍ وَشَأْنٍ كُلِّ لَحْظَةْ دَوَامْ
Уа, жүрегімнің нұры, уа, анашым, сізге сәлем болсын
Әрбір халде, әр істе және әр сәтте мәңгілік.
عَلَيْكِ صَلَّى إِلَهِي مَعَ أَبِيكِ الْإِمَامْ
إِمَامْ كُلِّ الْوَرَى فِي كُلِّ خَاصٍّ وَعَامْ
Алла сізге және әкеңіз — ұлы Имамға салауат айтсын
Барша жаратылыстың, таңдаулы мен жалпының Имамына.
الْشَّافِعِ الْمُبْتَغَ يَوْمَ الْلِّقَاءْ وَالْزَّهَامْ
يَوْمِ الْمَلَائِكْ تُنَادِي جَمِعْ كُلِّ الْأَنَامْ
Қиямет күні мен таршылықта ізделетін шапағатшы
Періштелер күллі адамзатқа үн қататын сол бір күні.
غُضُّوا أَبْصَارَكُمْ تَمُرْ بِنْتِ الْنَّبِيِ بِالْسَّلَامْ
وَنَكِّسُوا رُؤُوسَكُمْ مَا أَعْظَمَهْ وَاللهْ مَقَامْ
"Көздеріңді төмен түсіріңдер, Пайғамбар қызы аман өтіп барады"
"Бастарыңды иіңдер" — Алламен ант етейін, бұл қандай ұлы мәртебе!
تِذَكَرِينِي مَعَكِ أَعْبُرْ وَمَنْ لَهُ ذِمَامْ
حَاشَاكِ يَا أُمَّنَا تِنْسِينْ هَذَا الْغُلَامْ
Мені есіңізге алыңыз, сізбен бірге және қамқорлығыңызда өтейін
Уа, анамыз, мына құлыңызды ұмыта көруден аулақсыз!
مَحْسُوبَكُمْ يَرْتَجِيهْ مِنْكُمْ بِهِ الْإِهْتِمَامْ
أَنْتُمْ مَرَامُهْ وَمَقْصُودُهْ وَنِعْمَ الْمَرَامْ
Сізге тәуелді пендеңіз назарыңыздан үмітті
Сіз оның мұраты мен мақсатысыз, бұл қандай көркем мұрат!
يَا بِنْتَ طه فُؤَادِي فِي مَحَبَّتِكْ هَامْ
وَاللهْ أَنْتُمْ مُرَادِي فِي الْدُّنَا وَالْقِيَامْ
Уа, Таһаның қызы, жүрегім махаббатыңмен елітті
Аллаға ант етейін, дүние мен қияметтегі мақсұтым — Сізсіз.
وَمَا أَنَا إِلَّا بِكُمْ يَا سَادَتِي يَا كِرَامْ
عَلَيْكِ مَعَ وَالِدِكْ أَزْكَى الْصَّلَاةْ وَالسَّلَامْ
Менің барым тек сіздермен, уа, ардақты қожайындарым
Сізге және ата-анаңызға ең пәк салауат пен сәлем болсын.
وَأَهْلِ الْكِسَاءْ وَأَهْلِ بَيْتِهْ عَالِيِّينَ الْمَقَامْ
وَالْصَّحْبْ أَجْمَعْ وَمَنْ عَلَى هُدَاهْ اِسْتَقَامْ
Әрі кисә иелері мен мәртебесі биік әулетіне
Барша сахаба мен тура жолда нық тұрғандарға да болсын.