مَنْ مِثْلُ أحمد
Ахметтей кім бар?
Kk
اللهْ اللهُ اللهْ اللهُ
اللهْ اللهُ تَبَارَكَ اللهُ
Алла, Алла, Алла, Алла
Алла, Алла, Мүбәрак Алла!
مَنْ مِثْلُ أَحْمَدَ فِي الكَوْنَيْنِ نَهْوَاهُ
بَدْرٌ جَمِيعُ الوَرَى فِي حُسْنِهِ تَاهُوا
Қос ғаламда Ахметтей кім бар біз сүйетін?
Ай секілді, көркіне күллі әлем таңырқаған
مَن مِثْلُهُ وَ إِلَهُ الْعَرْشِ شَرَّفَهُ
بِالْخَلْقِ وَ الْخُلْقِ إِنَّ اللَّهَ أَعْطَاهُ
Кім бар оған тең келер, Арш Иесі ұлықтаған?
Болмысы мен мінезін Хақ Тағала сыйлаған
وَالشَّمْسُ تَخْجَلُ مِنْ أَنْوَارِ طَلْعَتِهِ
حَارَتْ عُقُولُ الْوَرَى فِي فَهْمِ مَعْنَاهُ
Оның нұрлы жүзінен күн де ұялып қызарар
Оның терең мәніне адамзаттың ақылы таң
تَبَارَكَ اللَّهُ مَا أَحْلَى شَمَائِلَهُ
حَازَ الْجَمَالَ فَمَا أَبْهَى مُحَيَّاهُ
Мүбәрак Алла, қандай тәтті оның сипаттары
Сұлулықты иеленген, неткен көркем ажары
يَا عُرْبَ وَادِي النَّقَى يَا أَهْلَ كَاظِمَةٍ
فِي حَيِّكُمْ قَمَرٌ فِي الْقَلْبِ مَثْوَاهُ
Уа, Нақи аңғарының арабтары, Кәзима елі
Сонау ай – сіздердің ауылда, ал мекені – жүректе
صَلَّى عَلَيْهِ إِلَهُ الْعَرْشِ مَا طَلَعَتْ
شَمْسٌ وَ مَا حَدْحَدَ الْحَادِي مَطَايَاهُ
Арш Иесі салауат айтсын күн шыққан сайын
Және керуенші түйесін алға айдаған сайын
اللهُ بِالْمَدْحِ لِلْمُخْتارِ مَنَّ عَلَيّْ
عَسَى يُرى لِيَ بَيْنَ المَادِحِيْنَ حَلَي
Хақ Тағала нәсіп етті Мұстафаны мақтауды
Мәддахтардың арасынан маған да орын бұйырғай
إِذَا أَتَيْتُ لِأَقْرَا الصُّحْفَ مِنْ عَمَلِيْ
مَالِي سِوَى مَنْ لَهُ فَضْلٌ يُشِيْرُ إِلَىّ
Амал дәптерімді оқуға келген кезде
Маған кеңшілік ететін Жомарттан басқа кімім бар
مُحَمَّدٌ سَيِّدُ الكَوْنَيْنِ وَالثَّقَلَيْـنِ
وَالفَرِيقَيْنِ مِنْ عُرْبٍ وَمِنْ عَجَمِ
Мұхаммед – қос ғалам мен адамзат, жынның сервері
Араб пенен ажамның, қос тараптың дүр ері
هُوَ الحَبِيبُ الذِّي تُرْجَى شَفَاعَتُهُ
لِكُلِّ هَوْلٍ مِنَ الأَهْوَالِ مُقْتَحَمِ
Ол – сондай сүйікті, шапағатынан үміт етілген
Қаптап келген әрбір қорқыныш пен үрейде
نَبِيُّنَا الآمِرُ النَّاهِي فَلاَ أَحَدٌ
أَبَرَّ فِي قَوْلِ لاَ مِنْهُ وَلاَ نَعَمِ
Әмірші әрі тыйым салушы Пайғамбарымыз
«Иә» не «жоқ» деуде одан асқан шыншыл жоқ
كَالزَّهْرِ فِي تَرَفٍ وَالبَدْرِ فِي شَرَفٍ
وَالبَحْرِ فِي كَرَمٍ وَالدَّهْرِ فِي هِمَمِ
Нәзіктікте гүлдей, абыройда толған айдай
Жомарттықта теңіздей, қажырлылықта замандай
يِا رَبِّ بِالمُصْطَفَى بَلِّغْ مَقَاصِدَنَا
وَاغْفِرْ لَنَا مَا مَضَى يَا وَاسِعَ الكَرَمِ
Уа, Раббым, Мұстафаның құрметіне мұратқа жеткіз
Өткен күннің күнәсін кеш, уа, Кеңшілік Иесі
وَاغْفِرْ إِلَهِي لِكُلِ المُسْلِمِينَ بِمَا
يَتْلُونَ فِي المَسْجِدِ الأَقْصَى وَفِي الحَرَمِ
Уа, Тәңірім, кеше гөр күллі мұсылман қауымын
Әл-Ақса мен Харамда оқылған аяттар хақына
بِجَاهِ مَنْ بَيْتُهُ فِي طَيْبَةٍ حَرَمٌ
وَإسْمُهُ قَسَمٌ مِنْ أَعْظَمِ الْقَسَمِ
Тайбадағы үйі қасиетті болған жанның құрметіне
Есімі – ең ұлы анттардың бірі болған