لَمْ يَخْلُقِ الرَّحْمَنُ مِثْلَ مُحَمَّدٍ
Рахман Мұхаммедтейді жаратқан емес
Kk
لَمْ يَخْلُقِ الرَّحْمَنُ مِثْلَ مُحَمَّدٍ
بَيْنَ الْوَرَى بَشَراً عَلَى الْإِطْلَاقِ
Рахман ие жаратқан жоқ Мұхаммедтей еш жанды
Күллі әлемде оған тең келер пенде жоқ мүлде
كَلَّا وَلَا عَرَفَ الْخَلَائِقُ قَدْرَهُ
مَا فَوْقَهُ حَقّاً سِوَى الْخَلَّاقِ
Жоқ, әсте, жаратылыс тани алмады оның қадірін
Одан биік шын мәнінде тек Жаратқан ие бар
مَاذَا أَقُولُ بِوَصْفِهِ وَمَدِيحِهِ
وَسَنَاهُ دَوْماً بَاهِرُ الْإِشْرَاقِ
Не айта алам оны сипаттап, мадақ жырын арнап
Оның нұры әрдайым таңғажайып шұғылалы
وَهُوَ الَّذِي لِلْخَلْقِ أُرْسِلَ رَحْمَةً
وَأَتَى يُتَمِّمُ مَكَارِمَ الْأَخْلَاقِ
Ол — күллі әлемге рақым болып жіберілген елші
Келді ол көркем мінездерді кемеліне келтіруге