رَضِينَا يا بَنِي الزَّهْرَا رَضِينَا
Разымыз, уа, Зәһра ұрпақтары, разымыз
Kk
رَضِينَا يا بَنِي الزَّهْرَا رَضِينَا
بِحُبٍّ فيكُمُوا يُرْضي نَبِينَا
Разы болдық, ей Зәһра ұрпағы, разымыз
Пайғамбардың көңілін табар махаббатпенен.
رضينا بالنبيِّ لنا إمَامًا
وأنْتُم آلُهُ وبِكُمْ رَضِينَا
Пайғамбарды имам тұтып разы болдық
Сіздер – Оның әулетісіз, сіздермен де шаттандық.
وبالسِّبْطِ الحُسَيْنِ كَذَا أخُوهُ
وَحَيْدَرُ ثُمَّ زَيْنُ العَابِدِينَا
Немересі Хұсейін мен бауырымен
Хайдар және Зәйнүл-абидин қауымымен.
رَضِينَا يا بَنِي الزَّهْرَا رَضِينَا
بِحُبٍّ فيكُمُوا يُرْضي نَبِينَا
Разы болдық, ей Зәһра ұрпағы, разымыз
Пайғамбардың көңілін табар махаббатпенен.
وَزَيْنَبُ مَنْ لها فَضْلٌ سَمِيٌّ
سُلاَلَةُ أَحْمَدٍ في الطَّيِّبِينَا
Мәртебесі биік болған Зәйнәппен
Пәк жандардан шыққан Ахмет нәсілімен.
لها نُورٌ يُضِيءُ كَمِثْلِ شَمْسٍ
من المُخْتَارِ نَشْهَدُهُ مُبِينَا
Күн секілді жарқыраған нұры бар
Таңдаулыдан келгенін анық көрер жан.
رَضِينَا يا بَنِي الزَّهْرَا رَضِينَا
بِحُبٍّ فيكُمُوا يُرْضي نَبِينَا
Разы болдық, ей Зәһра ұрпағы, разымыз
Пайғамбардың көңілін табар махаббатпенен.
لها جُودٌ لها كَرَمٌ وعَطْفٌ
حَوَتْ فَضْلاً يُرَى للمُنْصِفِينَا
Жомарттығы, кеңдігі мен мейірімі
Әділ жанға айқын болар қасиеті.
أمير المؤمنين أَبُوكِ حَقًّا
عَلِيٌّ سَادَ جَيْشَ العَارِفِينَا
Әкең сенің – Мүміндердің әмірі
Білгірлердің қолбасшысы – Хазіреті Әли.
رَضِينَا يا بَنِي الزَّهْرَا رَضِينَا
بِحُبٍّ فيكُمُوا يُرْضي نَبِينَا
Разы болдық, ей Зәһра ұрпағы, разымыз
Пайғамбардың көңілін табар махаббатпенен.
وأُمُّكِ بَضْعَةُ المُخْتَارِ طَهَ
مُحَبَّبَةٌ إلى الهادي نبينا
Анаң – Таһа Мұстафаның бір бөлшегі
Пайғамбардың сүйіктісі, ең тектісі.
وكَانَ المُصْطَفَى يَحْنُو عَلَيْهَا
حُنُوَّ مَوَدَّةٍ عَطْفًا وَلِينَا
Мұстафа оған мейіріммен иілетін
Сүйіспеншілік пен жұмсақтық төгетін.
رَضِينَا يا بَنِي الزَّهْرَا رَضِينَا
بِحُبٍّ فيكُمُوا يُرْضي نَبِينَا
Разы болдық, ей Зәһра ұрпағы, разымыз
Пайғамбардың көңілін табар махаббатпенен.
وجَاءَ حَدِيثُهُ يُتْلَى جِهَارًا
لَقَدْ سَادَتْ نِسَاءَ العَالَمِينَا
Ол туралы хадис келді жария
Әлем әйелдерінің сұлтаны болды ол дара.
إذا اشْتَقْنَا إلى خَيْرِ البَرَايَا
أَتَيْنَاكُمْ مُشَاةً رَاكِبِينَا
Сағынғанда адамзаттың асылын
Атты-жаяу келеміз біз, аңсап жақынын.
رَضِينَا يا بَنِي الزَّهْرَا رَضِينَا
بِحُبٍّ فيكُمُوا يُرْضي نَبِينَا
Разы болдық, ей Зәһра ұрпағы, разымыз
Пайғамбардың көңілін табар махаббатпенен.
فأنتم منه بالأسرار جِئْتُمْ
وَجِئْنَاكُمْ فَشَاهَدْنَا الأَمِينَا
Сіздер одан сырлар түйіп келдіңіз
Біз келіп, Сенімді жанды көрдік біз.
وشَاهَدْنَا لديكم كُلَّ خَيْرٍ
وشَاهَدْنَا أُلُوفًا زَائرِينَا
Сіздерден біз бар жақсыны байқадық
Мыңдаған зияратшыны біз көрдік.
رَضِينَا يا بَنِي الزَّهْرَا رَضِينَا
بِحُبٍّ فيكُمُوا يُرْضي نَبِينَا
Разы болдық, ей Зәһра ұрпағы, разымыз
Пайғамбардың көңілін табар махаббатпенен.
بإخْلاَصٍ وتوحيد ودِينٍ
أَتَوْكُمْ سَادَتِي مُتَبَرِّكِينَا
Ықылас пен таухид, дінге беріліп
Береке іздеп келді халық өріліп.
تُذَكِّرُهُمْ مَشَاهِدُكُمْ جِنَانًا
بِرَوْضَةِ جَدِّكُمْ لِلْوَفِدِينَا
Мақамдарың Жәннәттарды еске салар
Атаңның бақшасындай келгенге дем берер.
رَضِينَا يا بَنِي الزَّهْرَا رَضِينَا
بِحُبٍّ فيكُمُوا يُرْضي نَبِينَا
Разы болдық, ей Зәһра ұрпағы, разымыз
Пайғамбардың көңілін табар махаббатпенен.
فَرَوْحٌ مِنْهُ والرَّيْحَانُ يأتي
لِزُوَّارٍ أَتَوْكُمْ مُخْلِصِينَا
Одан жұпар мен райхан иісі еседі
Ықыласпен келген зияратшы сезеді.
فأنتم مِنْهُ والذِّكْرَى لَدَيْكُمْ
برُؤيَاكُمْ تُرَى للمُؤْمِنِينَا
Сіз – содансыз, сізде оның естелігі
Мүміндерге көрінер дидар бейнесі.
رَضِينَا يا بَنِي الزَّهْرَا رَضِينَا
بِحُبٍّ فيكُمُوا يُرْضي نَبِينَا
Разы болдық, ей Зәһра ұрпағы, разымыз
Пайғамбардың көңілін табар махаббатпенен.
فَبَابُ العِلْمِ والدُكُمْ عَلِيٌّ
له سَيْفٌ أَبَادَ الكَافِرِينَا
Ілімнің қақпасы – әкең Әли еді
Кәпірлерді жойған қылыш иесі еді.
فَمِنْ دَمْعٍ لأرضٍ قد رَوَيْنَا
مِنَ الأَشْوَاقِ نَحْوَ الأَكْرَمِينَا
Көз жасымен жердің жүзін суардық
Ардақтыларға аңсауменен оралдық.