عَطْفَةً يَا جِيرَةَ ٱلْعَلَمِ
Бір мейірім, уа, қасиетті мекен көршілері
Kk
Kk
عَطْفَةً يَا جِيرَةَ ٱلْعَلَمِ
يَا أُهَيْلَ ٱلْجُودِ وَٱلْكَرَمِ
Бір ілтипат, ей қасиетті мекеннің көршілері
Ей жомарттық пен жоғары игіліктің иелері
نَحْنُ جِيرَانٌ بِذَا ٱلْحَرَمِ
حَرَمِ ٱلْإِحْسَانِ وَٱلْحَسَنِ
Біз — осы қасиетті Харамның көршілеріміз
Жақсылық пен игіліктің киелі мекенінің
نَحْنُ مِنْ قَوْمٍ بِهِ سَكَنُوا
وَبِهِ مِنْ خَوْفِهِمْ أَمِنُوا
Біз сонда мекен еткен қауымнанбыз
Әрі қорқыныштан амандық таптық онда
وَبِآيَاتِ ٱلْقُرَانِ عُنُوا
فَٱتَّئِدْ فِينَا أَخَا ٱلْوَهَنِ
Құран аяттарына көңіл бөлген жандармыз
Ей, әлсіздікке бой алдырған бауыр, бізге жұмсақ бол
نَعْرِفُ الْبَطْحَا وَتَعْرِفُنَا
وَالصَّفَا وَالْبَيْتُ يَأْلَفُنَا
Батха жазығы бізді таниды, біз де оны білеміз
Сафа мен Қасиетті Үй де бізге бауыр басқан
وَلَنَا الْمُعْلَا وَخَيْفُ مِنَى
فَاعْلَمَنْ هَذَا وَكُنْ وَكُنِ
Муалла мен Минадағы Хайф мешіті де біздікі
Бұны анық білгейсің де, бекем бол
وَلَنَا خَيْرُ الْأَنَامِ أَبُ
وَعَلِيُّ الْمُرْتَضَى حَسَبُ
Жаратылыстың абзалы — біздің атамыз
Әрі Әли әл-Мұртаза — ардақты тегіміз
وَإِلَى السِّبْطَيْنِ نَنْتَسِبُ
نَسَبًا مَا فِيهِ مِنْ دَخَنِ
Қос немереге барып тірелер нәсіліміз
Ешбір кіршіксіз, пәк болған асыл тегіміз
كَمْ إِمَامٍ بَعْدَهُ خَلَفُوا
مِنْهُ سَادَاتٌ بِذَا عُرِفُوا
Одан кейін қаншама имамдар қалды
Осы қасиетпен танылған асыл мырзалар
وَبِهَذَا الْوَصْفِ قَدْ وُصِفُوا
مِنْ قَدِيمِ الْدَّهْرِ وَالْزَّمَنِ
Олар осы сипаттармен сипатталды
Ежелгі заманнан осы күнге дейін
مِثْلِ زَيْنِ الْعَابِدِينَ عَلِي
وَابْنِهِ الْبَاقِرِ خَيْرِ وَلِي
Зәйн әл-Абидин Әли секілді
Және оның ұлы Бақыр — әулиелердің абзалы
وَالْإِمَامِ الْصَّادِقِ الْحَفِلِ
وَعَلِيٍّ ذِي الْعُلَا الْيَقِنِ
Және кемел Имам Садық
Әрі жоғары мәртебелі, нық сенімді Әли
فَهُمُ الْقَوْمُ الَّذِينَ هُدُوْا
وَبِفَضْلِ اللهِ قَدْ سَعِدُوا
Олар — тура жолға бастау алған қауым
Алланың кеңшілігімен бақытқа жеткендер
وَلِغَيْرِ اللهِ مَا قَصَدُوا
وَمَعَ الْقُرْآنِ فِي قَرَنِ
Алладан басқа ешбір мақсат тұтпаған
Әрі Құранмен әрдайым егіз болғандар
أَهْلُ بَيْتِ الْمُصْطَفَى الْطُّهْرِ
هُمْ أَمَانُ الْأَرْضِ فَادَّكِرِ
Пәк Мұстафаның ардақты әулеті
Олар — жер бетінің амандығы, есіңде тұт
شُبِّهُوا بِالْأَنْجُمِ الزُّهْرِ
مِثْلَ مَا قَدْ جَاءَ فِي الْسُّنَنِ
Олар нұрлы жұлдыздарға теңелген
Сүннет жолында жеткен хабарлардағыдай
وسَفِنٌ لِلْنَّجَاةِ إِذَا
خِفْتَ مِنْ طُوفَانِ كُلِّ أَذَى
Олар — құтқарушы кемелер, егер де
Қандай да бір зиян топанынан қорықсаң
فَانْجُ فِيهَا لَا تَكُونُ كَذَا
وَاعْتَصِمْ بِاللهِ وَاسْتَعِنِ
Соларға сыйын, жат болма олардан
Аллаға жүгін де, Одан жәрдем тіле
رَبِّ فَانْفَعْنَا بِبَرْكَتِهِمْ
وَاهْدِنَا الْحُسْنَى بِحُرْمَتِهِمْ
Уа Раббым, олардың берекесімен бізге пайда бер
Қасиеттерінің құрметіне бізді ең жақсыға баста
وَأَمِتْنَا فِي طَرِيقَتِهِمْ
وَمُعَافَاةٍ مِنَ الْفِتَنِ
Бізді олардың сара жолында өлтіре көр
Бүліктерден амандық пен есендікте
ثُمَّ لَا تَغْتَرَّ بِالْنَّسَبِ
لَا وَلَا تَقْنَعْ بِــكَانَ أَبِي
Сосын тегіңе мастанып алданба
«Әкем пәленше болған» деп қанағаттанба
وَاتَّبِعْ فِي الْهَدْيِ خَيْرَ نَبِي
أَحْمَدَ الْهَادِي إِلَى الْسُّنَنِ
Тура жолда пайғамбарлардың абзалына ер
Сүннет жолына бастаушы Ахметке
فَهُوَ خَتْمٌ لِلْنَّبِيِّينَا
وَإِمَامٌ لِلْمُطِيعِينَا
Өйткені ол — пайғамбарлардың мөрі
Әрі Оған бағынушылардың имамы
وَلِساَنٌ لِلْمُجِيبِينَا
يَوْمَ نُودُوا خَيْرَ مُؤْتَمَنِ
Ол — Қияметте шақырылғанда
Жәрдем тіленетін ең сенімді тілші
صَلَوَاتُ اللهِ ذِي الْكَرَمِ
تَتَغَشَّى الْمُصْطَفَى العَلَمِ
Жомарттық иесі Алланың салауаттары болсын
Тура жолдың туы болған Мұстафаға
مَا سَرَى رَكْبٌ إِلَى الْحَرَمِ
وَصَبَا صَبٌّ إِلَى سَكَنِ
Керуендер Харамға қарай бет алғанша
Және ғашықтар өз мекенін аңсағанша
وَعَلَى آلِ الْنَّبِيِّ الْكُرَمَا
وَعَلَى أَصْحَابِهِ الْعُلَمَا
Сондай-ақ Пайғамбардың ардақты әулетіне
Және оның білімді сахабаларына
وَعَلَى أَتْبَاعِهِ الْحُكَمَا
وَأُولِي الأَلْبَابِ وَالْفِطَنِ
Және оның дана соңынан ерушілеріне
Ақыл-парасат пен зеректік иелеріне