الْمُزْدَوِجَةُ الْحَسْنَاءُ فِي الْاِسْتِغَاثَةِ بِأَسْمَاءِ اللهِ الْحُسْنَى
Алланың көркем есімдерімен жәрдем тілеудегі көркем мұздауиджа
Kk
الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي تَحَمَّدَا
كَلَّمَ مُوسَى وَاصْطَفَى مُحَمَّدَا
Барлық мақтау өзін мақтаған Аллаға тән
Мұсамен тілдесіп, Мұхаммедті таңдаған
ثُمَّ الْصَّلَاةُ وَالْسَّلَامُ تُهْتَدَى
لِخَيْرِ مُرْسَلٍ هَدَى وَسَدَّدَا
Сонан соң салауат пен сәлем жолдансын
Тура жолға бастап, нық тұрған ең қайырлы елшіге
وَالْآلِ وَالْصَّحْبِ وَمَنْ يَهْدِينَا
Оның әулетіне, сахабаларына және бізді тура жолға бастаушыларға
بِاسْمِ الْإِلَهِ وَبِهِ بَدِينَا
وَلَوْ عَبَدْنَا غَيْرَهُ شَقِينَا
Алланың есімімен және Онымен бастадық
Егер Одан басқаға табынсақ, бақытсыз болар едік
يَا حَبَّذَا رَبًّا وَحَبَّ وَدِينَا
وَحَبَّذَا مُحَمَّدٌ هَادِينَا
Раббымыз бен дініміз қандай тамаша
Жолбасшымыз Мұхаммед қандай керемет
لَوْلَاهُ مَا كُنَّا وَلَا بَقِينَا
Ол болмаса, біз де болмас едік, өмір де сүрмес едік
الْلَّهُمَّ لَوْلَا أَنْتَ مَا اهْتَدَيْنَا
وَلَا تَصَدَّقْنَا وَلَا صَلَّيْنَا
Уа, Алла! Сен болмасаң, біз тура жолды таппас едік
Садақа да бермес едік, намаз да оқымас едік
فَأَنْزِلَنْ سَكِينَةً عَلَيْنَا
وَثَبِّتِ الْأَقْدَامَ إِنْ لَا قَيْنَا
Бізге жан тыныштығын түсіре гөр
Жаумен жолыққанда қадамдарымызды нық қыл
نَحْنُ الْأُ لَى جَاؤُوكَ مُسْلِمِينَا
Біз Саған мұсылман болып келген алғашқы қауымбыз
وَالْمُشْرِكُونَ قَدْ بَغَوْا عَلَيْنَا
إِذَا أَرَادُوا فِتْنَةً أَبَيْنَا
Мүшріктер бізге зәбір көрсетіп, шектен шықты
Егер олар бүлік қаласа, біз одан бас тарттық
وَقَدْ تَدَاعَى جَمْعُهُمْ عَلَيْنَا
طِبْقَ الْأَحَادِيثَ الَّتِي رَوَيْنَا
Бізге қарсы олардың топтары жиналды
Біз риуаят еткен хадистерде айтылғандай
فَارْدُدْهُمُ الْلَّهُمَّ خَاسِرِينَ
Уа, Алла! Оларды зиян шеккен күйде кері қайтар
اللَّهُ يَا رَحْمَنُ يَا رَحِيمُ
اللَّهُ يَا حَيُّ وَيَا قَيُّومُ
Алла, уа Рахман, уа Рақым
Алла, уа Хай (Тірі), уа Қайюм (Мәңгі Басқарушы)
اللَّهُ يَا قَوِيُّ يَا قَدِيمُ
اللَّهُ يَا عَلِيُّ يَا عَظِيمُ
Алла, уа Қауи (Қуатты), уа Қадим (Әуелгі)
Алла, уа Әли (Биік), уа Азим (Ұлы)
لَا يَنْبَغِي لِلْظُّلْمِ أَنْ يَعْلُونَا
Зұлымдықтың бізден үстем болуы лайық емес
اللَّهُ يَا لَطِيفُ يَا عَلِيمُ
اللَّهُ يَا رَؤُوفُ يَا حَكِيمُ
Алла, уа Латиф (Көркем), уа Әлим (Білуші)
Алла, уа Рауф (Мейірімді), уа Хаким (Дана)
اللَّهُ يَا تَوَّابُ يَا حَلِيمُ
اللَّهُ يَا وَهَّابُ يَا كَرِيمُ
Алла, уа Тәууаб (Тәубені қабыл етуші), уа Халим (Жұмсақ)
Алла, уа Уаһһаб (Беруші), уа Кәрім (Жомарт)
هَبْنَا الْعُلَا وَاجْعَلْ عِدَانَا الْدُّونَا
Бізге биіктік бер, дұшпандарымызды төмендет
اللَّهُ يَا مَالِكُ يَا مُنِيرُ
اللَّهُ يَا مَلِيكُ يَا قَدِيرُ
Алла, уа Мәлік (Ие), уа Мунир (Нұрландырушы)
Алла, уа Мәлик (Патша), уа Қадир (Құдіретті)
اللَّهُ يَا مَوْلَى وَيَا نَصِيرُ
اللَّهُ أَنْتَ الْمَلِكُ الْكَبِيرُ
Алла, уа Мәула (Қамқоршы), уа Насир (Жәрдемші)
Алла, Сен Ұлы Патшасың
لَيْسَ عِدَانَا لَكَ مُعْجِزِينَا
Біздің дұшпандарымыз Сені әлсірете алмайды
اللَّهُ يَا شَاكِرُ يَا شَكُورُ
اللَّهُ يَا عَفُوُّ يَا غَفُورُ
Алла, уа Шәкір (Алғысқа лайық), уа Шәкур
Алла, уа Афу (Кешірімді), уа Ғафур (Кешіруші)
اللَّهُ يَا عَالِمُ يَا خَبِيرُ
اللَّهُ يَا فَتَّاحُ يَا بَصِيرُ
Алла, уа Әлим (Білуші), уа Хабир (Хабардар)
Алла, уа Фаттах (Ашушы), уа Басир (Көруші)
لَا تَحْرِمْنَا فَتْحَكَ الْمُبِينَا
Бізді айқын жеңісіңнен мақұрым қалдырма
اللَّهُ يَا ظَاهِرُ يَا جَلِيلُ
اللَّهُ يَا بَاطِنُ يَا وَكِيلُ
Алла, уа Заһир (Анық), уа Жәлил (Ұлы)
Алла, уа Батин (Көмес), уа Уәкил (Сенімді өкіл)
اللَّهُ يَا صَادِقُ يَا جَمِيلُ
اللَّهُ يَا حَافِظُ يَا كَفِيلُ
Алла, уа Садық (Шыншыл), уа Жәмил (Көркем)
Алла, уа Хафиз (Қорғаушы), уа Кәфил (Кепіл болушы)
كُنْ حَافِظًا لَنَا وَكُنْ مُعِينَا
Бізді қорғаушы бол және бізге жәрдем бер
اللَّهُ يَا غَنِيُّ يَا حَمِيدُ
اللَّهُ يَا مُغْنِي وَيَا رَشِيدُ
Алла, уа Ғани (Бай), уа Хамид (Мақтаулы)
Алла, уа Мұғни (Байытушы), уа Рашид (Тура жолға салушы)
اللَّهُ يَا مُبْدِئُ يَا مُعِيدُ
اللَّهُ يَا عَزِيزُ يَا مَجِيدُ
Алла, уа Мубди (Бастаушы), уа Муид (Қайтарушы)
Алла, уа Азиз (Үстем), уа Мәжид (Даңқты)
لِعِزِّكَ الْتَّوْحِيدُ يَشْكُو الْهُوْنَا
Сенің құдіретіңе таухид қорлықтан шағымданады
اللَّهُ يَا قَادِرُ يَا مُقْتَدِرُ
اللَّهُ يَا قَاهِرُ يَا مُؤَخِّرُ
Алла, уа Қадир, уа Мұқтадир
Алла, уа Қаһар (Қаһарлы), уа Муаххир (Кешіктіруші)
اللَّهُ يَا فَاطِرُ يَا مُصَوِّرُ
اللَّهُ يَا مُحْصِي وَيَا مُدَبِّرُ
Алла, уа Фатир (Жаратушы), уа Мусаууир (Бейнелеуші)
Алла, уа Мухси (Есептеуші), уа Мудәббир (Басқарушы)
دَبِّرْ لَنَا وَدَمِّرِ الْعَادِينَا
Біздің ісімізді оңдап, дұшпандарды жой
اللَّهُ يَا دَائِمُ لَا يَمُوتُ
اللَّهُ يَا قَائِمُ لَا يَفُوتُ
Алла, уа Мәңгі өлмейтін
Алла, уа Тұрақты, еш кетпейтін
اللَّهُ يَا مُحْيِي وَيَا مُمِيتُ
اللَّهُ يَا مُغِيثُ يَا مُقِيتُ
Алла, уа Тірілтуші, уа Өлтіруші
Алла, уа Көмекші, уа Қоректендіруші
كُنْ غَوْثَنَا وَحِصْنَنَا الْحَصِينَا
Бізге медет бол және біздің берік қорғанымыз бол
اللَّهُ يَا بَاسِطُ أَنْتَ الْوَاسِعُ
اللَّهُ يَا قَابِضُ أَنْتَ الْمَانِعُ
Алла, уа Басит (Жаюшы), Сен кеңсің
Алла, уа Қабид (Қысушы), Сен тыюшысың
اللَّهُ يَا خَالِقُ أَنْتَ الْجَامِعُ
اللَّهُ يَا خَافِضُ أَنْتَ الْرَّافِعُ
Алла, уа Халиқ (Жаратушы), Сен жинаушысың
Алла, уа Хафид (Төмендетуші), Сен көтерушісің
اِرْفَعْ مَعَالِينَا لِعِلِّيِّينَا
Біздің мәртебемізді ең биікке көтере гөр
اللَّهُ ذُو الْمَعَارِجِ الْرَّفِيعُ
اللَّهُ يَا وَافِي وَيَا سَرِيعُ
Алла, биік дәрежелер Иесі, Жоғарысың
Алла, уа Уафи (Уәдеге берік), уа Сари (Жылдам)
اللَّهُ يَا كَافِي وَيَا سَمِيعُ
يَا نُورُ يَا هَادِي وَيَا بَدِيعُ
Алла, уа Кәфи (Жеткілікті), уа Сәми (Естуші)
Уа Нұр, уа Һади (Бастаушы), уа Бәди (Жаратушы)
أَدَّبْتَنَا بِمَا جَرَى يَكْفِينَا
Бізді Өзің тәрбиеледің, сол бізге жетеді
اللَّهُ ذُو الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ
اللَّهُ ذُو الْطَّوْلِ عَلَى الْدَّوَامِ
Алла, ұлылық пен жомарттық Иесі
Алла, мәңгілік нығмет Иесі
اللَّهُ يَا ذَا الْفَضْلِ وَالْإِنْعَامِ
وَالْسَّيِّدُ الْمِطْلَقُ لِلْأَنَامِ
Алла, уа кеңшілік пен сый-сипат Иесі
Және күллі жаратылыстың шынайы Иесі
ارْحَمْ عَبَيْدًا لَكَ عَابِدِينَا
Өзіңе ғибадат етуші құлдарыңа мейірім ет
اللَّهُ يَا أَوَّلُ أَنْتَ الْوَاحِدُ
اللَّهُ يَا آخِرُ أَنْتَ الْرَّاشِدُ
Алла, уа Әууәл (Бастапқы), Сен Жалғызсың
Алла, уа Ахир (Соңғы), Сен тура жолға салушысың
يَا وِتْرُ يَا مُتَكَبِّرُ يَا وَاجِدُ
يَا بَرُّ يَا مُتَفَضِّلُ يَا مَاجِدُ
Уа Дара, уа Ұлы, уа Табушы
Уа Жақсылық Иесі, уа Кеңшілік Иесі, уа Даңқты
بِفَضْلِكَ اقْبَلْنَا عَلَى مَا فِينَا
Өз кеңшілігіңмен бізді бар кемшілігімізбен қабыл ал
اللَّهُ يَا مُبِينُ يَا وَدُودُ
اللَّهُ يَا مُحِيطُ يَا شَهِيدُ
Алла, уа Анық, уа Сүйікті
Алла, уа Қамтушы, уа Куә болушы
اللَّهُ يَا مَتِينُ يَا شَدِيدُ
يَا مَنْ هُوَ الْفَعَّالُ مَا يُرِيدُ
Алла, уа Мәтін (Берік), уа Қуатты
Уа, қалағанын іске асырушы
إِنَّا ضِعَافٌ لَكَ قَدْ لَجِينَا
Біз әлсізбіз, Саған ғана жүгіндік
اللَّهُ يَا مُعِزُّ يَا مُقَدِّمُ
اللَّهُ يَا مُذِلُّ يَا مُنْتَقِمُ
Алла, уа Үстем етуші, уа Алға шығарушы
Алла, уа Қор етуші, уа Кек алушы
الْبَادِئُ الْبَاقِي فَلَا يَنْعَدِمُ
الْمُحْسِنُ الْوَالِي الْحَفِيظُ الْأَكْرَمُ
Бастаушы, Мәңгі Қалушы, еш жоқ болмайды
Жақсылық етуші, Қамқор, Қорғаушы, ең Жомарт
ليسَ لَنَا سِوَاكَ مَنْ يَحْمِينَا
Сенен басқа бізді қорғайтын ешкім жоқ
اللَّهُ يَا وَارِثُ أَنْتَ الْأَبَدُ
اللَّهُ يَا بَاعِثُ أَنْتَ الْأَحَدُ
Алла, уа Уарис (Мұрагер), Сен Мәңгісің
Алла, уа Бағис (Тірілтуші), Сен Жалғызсың
يَا مَالِكَ الْمُلْكِ الْإِلَهُ الْصَّمَدُ
لَا كُفُوءٌ لَا وَالِدٌ لَا وَلَدُ
Уа, мүлік Иесі, Мұңсыз (Самад) Иләһ
Теңдесі жоқ, тумаған және туылмаған
كُفَّ الْعِدَا عَنَّا فَقَدْ أُوذِينَا
Дұшпандарды бізден алыстат, олардан жәбір көрдік
اللَّهُ يَا غَالِبُ يَا قَهَّارُ
اللَّهُ يَا نَافِعُ أَنْتَ الْضَّارُّ
Алла, уа Жеңімпаз, уа Қаһарлы
Алла, уа Пайда беруші, Сен Зиян берушісің
اللَّهُ يَا بَارِئُ يَا غَفَّارُ
يَا رَبُّ يَا ذَا الْقُوَّةِ الْجَبَّارُ
Алла, уа Жаратушы, уа Кешіруші
Уа Раббым, уа Қуат Иесі, уа Жаббар
قَوِّمْ لَنَا الْدُّنْيَا وَقَوِّ الْدِّينَا
Дүниемізді түзе және дінімізді қуатты қыл
اللَّهُ رَبُّ الْعِزَّةِ الْسَّلَامُ
الْمُؤْمِنُ الْمُهَيْمِنُ الْعَلَّامُ
Алла, Үстемдік Иесі, Есендік (Сәлем)
Иман беруші, Бақылаушы, бәрін Білуші
ذُو الْرَّحْمَةِ الْأَعْلَى الْأَعَزُّ التَّامُّ
مَنْ دِينُهُ الْحَقُّ هُوَ الْإِسْلَامُ
Мейірім Иесі, Ең Жоғары, Ең Қуатты, Кәмәл
Оның хақ діні – ол Ислам
قَيِّضْ لَهُ الْلَّهُمَّ نَاصِرِينَا
Уа, Алла! Бұл дінге жәрдемшілер нәсіп ет
اللَّهُ أَنْتَ الْمُتَعَالِي الْحَكَمُ
الْفَرْدُ ذُو الْعَرْشِ الْوَلِيُّ الْأَحْكَمُ
Алла, Сен Ең Биіксің, Төрешісің
Дарасың, Арш Иесісің, Қамқорсың, Ең Әділсің
الْغَافِرُ الْمُعْطِي الْجَوَادُ الْمُنْعِمُ
الْعَادِلُ الْعَدْلُ الْصَّبُورُ الْأَرْحَمُ
Кешіруші, Беруші, Жомарт, Нығмет беруші
Әділдік Иесі, Әділ, Сабырлы, Ең Рахымды
مَكِّنْ لَنَا فِي أَرْضِنَا تَمْكِينَا
Бізге өз жерімізде нық билік бер
اللَّهُ يَا قُدُّوسُ يَا بُرْهَانُ
يَا بَرُّ يَا حَنَّانُ يَا مَنَّانُ
Алла, уа Қуддус (Пәк), уа Дәлел
Уа Жақсылық Иесі, уа Аяулы, уа Сый беруші
يَا حَقُّ يَا مُقْسِطُ يَا دَيَّانُ
تَبَارَكَتْ أَسْمَاؤُكَ الْحِسَانُ
Уа Хақ, уа Әділ, уа Деййан (Есеп алушы)
Көркем есімдерің қандай қасиетті
بِهَا قَرَعْنَا بَابَكَ الْمَصُونَا
Сол есімдермен Сенің қорғалған есігіңді қақтық
اللَّهُ يَا خَلَّاقُ يَا مُنِيبُ
اللَّهُ يَا رَزَّاقُ يَا حَسِيبُ
Алла, уа Жаратушы, уа Тәубеге шақырушы
Алла, уа Рызық беруші, уа Есеп алушы
اللَّهُ يَا قَرِيبُ يَا رَقِيبُ
الْمُسْتَعَانُ الْسَّامِعُ الْمُجِيبُ
Алла, уа Жақын, уа Бақылаушы
Көмек сұралатын, Естуші, Жауап беруші
إِنَّا دَعَوْنَاكَ اسْتَجِبْ آمِينَا
Біз Саған дұға қылдық, қабыл ал, әмин