اَلْهِجْرَةُ رِحْلَةُ هَادِيْنَا
Хижра — жолбасшымыздың сапары
Kk
اَلْهِجْرَةُ رِحْلَةُ هَادِيْنَا
حَمَلَ الْإِسْلَامَ لَنَا دِيْنَا
Хижрет — Жолбастаушымыздың сапары
Ол бізге Исламды дін етіп әкелді
فَسَلَامُ اللّٰهِ عَلَی الْهَادِيْ
وَالْكَوْنُ يُرَدِّدُ آمِيْنَا
Жолбастаушыға Алланың сәлемі болсын
Барша ғалам «Әмин» деп жаңғыруда
رَحَلَ الْصِّدِّيقُ عَنِ الْدَّارِ
فِی صَحْبَةِ خَيْرِ الْأَبْرَارِ
Сыддық өз шаңырағынан аттанды
Ізгілердің абзалымен серік болып
صَلَوَاتُ اللّٓهِ تُبَارِکُهُ
مَلَأَ الْدُّنْيَا بِالْأَنْوَارِ
Алланың салауаты оған береке берсін
Ол әлемді шұғылалы нұрға толтырды
اَللّٰهُ تَكَفَّلَ يَحْمِيْهِ
وَعَلِيٌّ أَصْبَحَ يَفْدِيْهِ
Алла оны Өз қорғауына алды
Ал Әли ол үшін жанын пида етті
وَبِسِرِّ الْقَوْمِ الْأَشْرَارِ
بِنْتُ الْصِّدِّيْقِ تُوَافِيْهِ
Зұлым қауымның құпия хабарларымен
Сыддықтың қызы оған келетін
وَصَلَ الْمُخْتَارُ إِلَی طَيْبَةْ
وَ الْكُفْرُ تَرَاجَع فِی خَيْبَةْ
Мұхтар Тәйбә топырағына жетті
Күпірлік болса масқара болып шегінді
وَ جُنُوْدُ اللّٰهِ تُحِيْطُ بِهِ
مِنْ نُوْرِ الْاِسْلَامِ الْهَيْبَة
Оны Алланың сарбаздары қоршауда
Ислам нұрының асқақ айбынымен
بِالْرُّوْحِ سَنَحْمِی الْمُخْتَارا
وَ نُقَاتِلْ عَنْهُ الْكُفَّارا
Рухымызбен Мұхтарды қорғаймыз
Ол үшін кәпірлермен айқасамыз
عَهْدًا لِلّٰـهِ نُبَايِعُهُ
جُنْدًا لِلّٰـهِ وَ اَنْصَارا
Алла алдында серт беріп, байғат етеміз
Алланың сарбазы мен ансарлары болып