طَابَ لِي خَلْعُ عِذَارِي
Маған асаулығым жарасады
Kk
طَابَ لِي خَلْعُ عِذَارِي
فِي هَوَى الْبَدْرِ الْتَّمَامْ
Өзімді ұмытып, еркінсу маған жарасты
толған айдай нұрлыға деген құштарлықта
بِافْتِقَارِي وَانْكِسَارِي
أَرْتَجِيْ نَيْلَ الْمَرَامْ
Жарлылығым мен мұңлы халім арқылы
аңсаған мұратыма жетермін деп үміттенемін
يَا عَذُوْلِي لَا تَلُمْنِي
مَا عَلَى الْعَاشِقُ مَلَامْ
Ей, айыптаушым, мені жазғырма
өйткені ғашық жанға ешбір мін тағылмас
اُدْنُ مِنِّي وَارْوِ عَنِّيْ
أَنَا فِي الْعِشْقِ إِمَامْ
Маған жақын кел де, мен жайлы баян ет
өйткені мен ғашықтық өнерінің білгірімін
خَمْرَةُ الْأَحْبَابِ تُجْلَ
هِيَ حِلٌّ لَا حَرَامْ
Сүйіктілердің шарабы мөлдіреп құйылуда
ол – адал нәрсе, арам емес
مِنْ عُيُونِ الْعِيْنِ تُمْلَى
صَانَهَا الْبَرُّ الْسَّلَامْ
Ол кәусар бұлақтардан толығады
оны қорғаушы – Ізгілік пен Есендік Иесі
يَا أَخَا الْأَشْوَاقِ يَمِّمْ
سَيِّدَ الْرُّسْلِ الْكِرَامْ
Ей, сағыныш құшқан бауыр, бетіңді бұр
ардақты пайғамбарлардың төресіне
وَاغْنَمِ الْذِّكْرَ وَزَمْزِمْ
بِصَلَاةٍ مَعْ سَلَامْ
Зікірді олжалап, әуендете жырла
оған салауат пен сәлем жолдап
لِحَبِيْبِ الله أَحْمَدْ
كُلَّمَا جَنَّ الْظَّلَامْ
Алланың сүйіктісі Ахметке болсын бұл
әрбір түн қараңғылығы түскен сайын
كُلُّ مَنْ وَالَاهُ يَسْعَدْ
وَيَنَالْ حُسْنَ الْخِتَامْ
Кім оны сүйсе, бақытқа кенелер
әрі соңында ізгі мұратқа жетер