حَسْنَاءُ تُرْبِعُنَا
Бізді аялдатар ару
Kk
حَسْنَاءُ تُرْبِعُنَا
دَوْمًا وَتَعْرِفُنَا
Сұлулық бізді өсірер
бізді әрқашан таниды
حَلَّتْ لِتَمْنَحَنَا
عَدْلًا وَإِحْسَانَا
Бізге сыйлау үшін келді
әділдік пен игілікті
مِنْ قُدْرَةٍ شَرُفَتْ
مَيْمُونَةٌ عُرِفَتْ
Ардақты құдіреттен ол
берекелі деп танылды
بِالْحُسْنِ قَدْ وُصِفَتْ
سِرًّا وَإِعْلَانَا
Көркемдікпен сипатталды
жасырын да, жария да
تَكَامَلَتْ أَلَقَا
خَلْقًا حَكَى خُلُقَا
Шұғыласы кемелденген
болмысы мінезіне сай
وَالْكُلُّ مُتَّسِقا
مِنْهُ الْضِّيَا بَانَا
Барлығы үйлесім тапқан
одан нұр айқын көрінді
رَاقَتْ مَشَارِبُهَا
نِيلَتْ مَطَالِبُهَا
Кәусарлары мөлдір болды
мақсаттарына қол жетті
صَارَتْ مَنَاقِبُهَا
لِلْفَخْرِ كَيْوَانَا
Оның асыл қасиеттері
мақтаныш биігі болды
عَمَّتْ مَآثِرُهَا
سَارَتْ بَشَائِرُهَا
Ізгі істері жайылды
сүйінші хабарлары жетті
تَهْدِي خَوَاطِرُهَا
الْأَرْوَاحَ إِيقَانَا
Оның ойлары бастайды
рухтарды нық сенімге
فِي وَصْفِهِ عِبَرٌ
لَمْ يَحْكِهَا بَشَرٌ
Сипатында ғибраттар бар
ешбір пенде айтпаған
وَالْكُلُّ مُنْبَهِرٌ
مَا انْفَكَّ هَيْمَانَا
Барлығы оған таңғалды
ғашықтықтан арыла алмай
فَقَامَةٌ رَبْعَةْ
كَمَا تَرَى طَبْعَهْ
Бойы болса орташа еді
жаратылысы сондай-ақ
تَفُوقُ بِالطَّلْعَهْ
مَنْ طَالَ سِيقَانَا
Көрінісімен ол озар
ұзын бойлы адамнан
فِي وَجْهِهِ قَمَرٌ
فِي ثَغْرِهِ دُرَرٌ
Жүзінде толған ай бар
тістері інжу-маржандай
فِي نُطْقِهِ خَفَرٌ
بِالْصَّمْتِ قَدْ زَانَا
Сөзінде биязылық бар
үнсіздігімен сәнденген
وَجَبْهَةٌ عَرُضَتْ
لِلَّهِ قَدْ خُفِضَتْ
Маңдайы болса кең еді
Аллаға иіліп (сәждеде)
وَبِالْنُّهَى نَهَضَتْ
عِزًّا وَعِرْفَانَا
Ақыл-ойымен биіктеді
айбын мен танымға толы
فِي وَجْهِهِ بَلَجٌ
فِي عَيْنِهِ دَعَجٌ
Жүзінде нұр ойнайды
көздері мейлінше қара
فِي حَاجِبٍ زَجَجٌ
بِالْحُسْنِ مُزْدَانَا
Қастары қиғаш, жіңішке
сұлулықпен безенген
إِنْ رِيءَ يَتْبَعُهُ
نُورًا يُزَامِنُهُ
Оны көрген жанға ерген
нұр бірге көрінеді
فَالْأَنْفُ مَارِنُهُ
أَقْنَى وَحِدْبَانَا
Мұрны болса қырлы еді
биік әрі көркем біткен
وَثَغْرُهُ ضَلِعٌ
وَالْصَّدْرُ مُتَّسِعٌ
Аузы кеңірек еді
кеудесі де ашық-кең
وَالْبَطْنُ مُرْتَجِعٌ
بِالْصَّدْرِ خَمْصَانَا
Іші мен кеудесі тең
қарыны жинақы еді
وَالْوَجْهُ دُرِّيٌّ
وَالْلَّوْنُ وَرْدِيٌّ
Жүзі інжудей жарқырар
өңі раушан гүлдей еді
وَالْرُّوحُ نُورِيٌّ
أَضَاءَ أَكْوَانَا
Рухы нұрдан жаралған
әлемдерді жарық етті
ضَخْمُ الْكَرَادِيسِ
زَاكِي الْأَحَاسِيسِ
Буындары ірі, мықты
сезімдері тап-таза
فَرْدُ الْنَّوَامِيسِ
مَا مِثْلُهُ كَانَا
Заңдылықта ол дара
ешкім оған ұқсамас
أَكْحَلُ أَجْفَانٍ
أَشْنَبُ أَسْنَانٍ
Көздері табиғи сүрмелі
тістері аппақ жарқырар
حَبَّاتُ رُمَّانٍ
هَلْ رَيْتَ رُمَّانَا
Анардың дәндеріндей
сондай анар көрдің бе?
وَلِحْيَةٌ كَثَّا
تَنَاسَقَتْ بَثَّا
Сақалы болса қою еді
үйлесіммен таралған
وَجُمَّةٌ أَثَّا
لَمْ تَعْدُ آذَانَا
Шашы болса қалың еді
құлағынан аспаған
بَدْرُ الْدُّجَى فَمُهُ
إِنْ رِيءَ مَبْسَمُهُ
Күлгендегі аузы оның
қараңғы түнде толған ай
وَالْكُلُّ مَنْسَمُهُ
بَرًّا وَخُلْجَانَا
Барлығы оның ізінде
құрлық пен теңіздерде де
فَالْرَّحْمُ وَاصِلُهُ
وَالْكَلُّ حَامِلُهُ
Туыстықты ол жалғар
ауыртпалықты көтерер
وَالْخَيْرُ فَاعِلُهُ
سِرًّا وَإِعْلَانَا
Жақсылықты істеуші
жасырын да, жария да
فِي الْخَلْقِ هَيْبَتُهُ
فِي الْحَقِّ غَيْبَتُهُ
Жаратылыста айбынды
Хақиқатта ғайып ол
تَفُوقُ طِيبَتُهُ
جِنًّا وَإِنْسَانَا
Оның жақсылығы озар
жын мен адам баласынан
وَحَبْلُ سُرَّتِهِ
مِنْ حُسْنِ غُرَّتِهِ
Көкірегіндегі жіңішке түгі
нұрлы жүзінің көркінен
مَا مِثْلُ نَظْرَتِهِ
عِزًّا وَإِيْمَانَا
Назарына тең келер жоқ
айбын мен иман жағынан
قَدْ دَقَّ مَسْرُبَةً
وَفَاقَ مَرْتَبَةً
Көкірегінде жіңішке түк
дәрежесі биік болды
وَعَزَّ مَنْقَبَةً
سَادَ الْوَرَى شَانَا
Қасиетімен қадірлі
адамзаттың төресі болды
قَلِيلُ لَحْمِ عَقِبْ
وَالْصَّدْرُ مِنْهُ رَحِبْ
Өкшесінде еті аз
кеудесі болса кең еді
فَصْلَ الْخِطَابِ وُهِبْ
فَفَاقَ سَحْبَانَا
Кесімді сөз берілді
Сахбаннан да асып түсті
كَالْمِسْكِ فِي هَبَبٍ
يَنْحَطُّ مِنْ صَبَبٍ
Аңқыған жұпар секілді
биіктен төмен түскендей
يُنْسِي أَخَا تَعَبٍ
أَهْلًا وَبُلْدَانَا
Шаршаған жанға ұмыттырар
туған елі мен жұртын
فَحُبُّهُ إِيمَانْ
وَبُغْضُهُ كُفْرَانْ
Оны сүю — имандылық
жек көру — имансыздық
يَا وَيْلَ مَنْ قَدْ شَانْ
فِي الْمَدْحِ إِنْسَانَا
Қарғыс атсын қорлағанды
мақтауға лайық адамды
يَا رَبِّ أَسْعِدْنَا
بِنُورِهِ عِدْنَا
Уа Раббым, бізді бақытты ет
нұрымен бізді қайтар
حَتَّى نَرَى الْحُسْنَى
دُنْيَا وَأُخْرَانَا
Хақ игілікті көргенше
дүние мен ақыретте
صَلَّى وَسَلَّمَ مَنْ
أَوْلَى الْوَرَى مِنَنَا
Салауат пен сәлем болсын
нығмет берген Алладан
عَلَى الْنَّبِيِّ زَمَنَا
رَبٌّ عَلَا شَانَا
Пайғамбарға әрқашан
мәртебесі биік Раббыдан
كَذَلِكَ الْزَّهْرَا
وَأُمِّهَا الْغَرَّا
Сондай-ақ Пәк Заһраға
және оның асыл анасына
وَآلِهِمْ طُرَّا
مَا الْبَدْرُ نَاغَانَا
Әрі әулетіне түгел
толған ай бізге күлгенше