وَاصَلُونِي بَعْدَ بُعْدِي
Алыстағанымнан соң менімен қауышты
Kk
Kk
وَاصَلُونِي بَعْدَ بُعْدِي
وَرَعُوا سَالِفَ عَهْدِي
Олар ұзақ айырылыстан соң менімен қауышты
әрі көне сертімді адал сақтады
وَعلَى رَغْمِ الْحَسُودِ
أَنْجَزُوا بِالْوَصْلِ وَعْدِي
Күншілдердің қас қылғанына қарамастан
қауышу уәдесін олар орындады
يَا سُرُورْي بالَّتدَاني
يَا هَنَا حَظِّي وَسَعْدِي
О, бұл жақындықтағы шаттығым-ай!
О, бағым мен ырысымның берекесі-ай!
جَادَ لِي بَدْرِي بِوَصْلِ
يا هَنَائِي نِلْتُ قَصْدِي
Толық айым маған қауышуды тарту етті
О, қандай рахат, мақсатыма жеттім
فَاجْتَمِعْ يَا مَاءَ عَيْني
وانْطَفِي يَا نَارَ وَجْدِي
Енді жиналшы, ей, көз жасым (шаттықтан)
әрі өшші, ей, сағыныш оты
أَنَا فِي لَيْلَةِ أُنْسِي
قَدْ صَفَا مَوْرِدُ وِرْدِي
Мен сырлас түнімнің құшағындамын
рухани қайнар бұлағым мөлдіреді
وَتَناولْتُ كُؤُوسي
بَين رَيْحَانٍ وَوَرْدِ
Махаббат тостағандарын қолыма алдым
райхан мен раушан гүлдерінің жұпары арасында
مِنْ يَدَيْ حُلْوِ الْتثَنيِّ
فَاتِنٍ أَهْيَفِ قَدِّ
Бұрала басқан әсемнің қолынан
баурап алар белі нәзік, сұңғақ тұлғалы
تَارَةً يُنْشِدُ خُذْ كَاسِي
وَطَوْراً هَاكَ خَدِّي
Бірде «ал тостағанымды» деп ән шырқайды
ал кейде «міне, менің жүзім» дейді
إِنْ أَقُلْ يَا أَلْفَ مَوْلَى
قَالَ لِي يَا أَلْفَ عَبْدِي
Егер мен «Уа, мың мәрте қожайыным» десем
ол «Уа, мың мәрте құлым» деп жауап береді
أَوْ سَقَى الْمَمْزُوجَ غَيْرِي
خَصَّنِي بالْصِّرْفِ وَحْدِي
Өзгелерге су араласқан сусын берсе
маған тек тазасын бөліп береді
في هَوَاهُ دَعْ مَلاَمِي
وَاطْرِحْ غَييِّ وَرُشْدِي
Оған деген ғашықтығым үшін мені сөкпе
адасуым мен тура жолымды бір шетке ысыр
نَارُ وَجْدِي في هَوَاهُ
كَنَعِيمِ الْخُلدِ عِنْدِي
Оның махаббатындағы ғашықтық оты
мен үшін жәннаттың мәңгілік рахатындай