مَعَانِي قَدْ بَدَتْ عِنْدِي غَرِيبَهْ
Маған таңсық мағыналар аян болды.
Kk
مَعَانِي قَدْ بَدَتْ عِنْدِي غَرِيبَهْ
وَمَا تُفْضِي إِلِيْهْ بَعْدُ أَغْرَبْ
Маған ғажайып мағыналар аян болды
Ал олардың барар соңы одан да таңғаларлық
مِنَحْ مِنْ فَضْلِ مَوْلَانَا عَجِيبَهْ
وَمَاذَا فِي عَطَاهُ لَيْسَ أَعْجَبْ
Раббымыздың кеңшілігінен келген сыйлар ғажап
Оның шарапатында таңсық емес не бар?
وَعِيدُ الْصَّبِ أَنْ يَلْقَى حَبِيبَهْ
وَسُبْحَانَ الَّذِي قَرَّبْ وَحَبَّبْ
Ғашықтың мерекесі — Сүйіктісімен қауышу
Бізді жақындатып, сүюді нәсіп еткен Алла Пәк
مَعِي أَقْوَامْ فِي أَعْلَى كَتِيبَهْ
لَهُمْ أَسْرَارْ لَا تُحْصَى وَتُكْتَبْ
Менімен бірге ең жоғары мәртебелі қауым бар
Олардың хатқа түспес, есепсіз сырлары бар
مَوَاهِبْ عَالِيَةْ مَا هِيْ كَسِيبَهْ
وَإِحْسَانُ الْمُهَيْمِنْ لَيْسَ يُحْسَبْ
Бұл — еңбекпен табылмайтын биік нығметтер
Қамқор Иеміздің жақсылығы есепке келмес
وَمَنْ لُهْ سَابِقَهْ يُدْرِكْ نَصِيبَهْ
مُوَفَّى دُونَ أَنْ يَشْقَى وَيَتْعَبْ
Әуелден несібесі жазылған жан үлесін алады
Еш қиналмай-ақ оған толық жетеді
وَنَفْحَةُ بَاسِطِ الْنَّعْمَى قَرِيبَهْ
تَعَرَّضْ يَا فَتَى مِنْهَا تَقَرَّبْ
Рызық берушінің рақым самалы өте жақын
Ей, бозбала, сол самалға бет бұрып, жақында
عَسَى الْمَكْلُومْ أَنْ يَلْقَى طَبِيبَهْ
فَيُضْحِي الْعِيْشْ لُهْ أَطْيَبْ وَأَطْيَبْ
Мүмкін, жаралы жан өз шипагерін табар
Сонда өмір ол үшін ең тәтті де таза болар
وَصَلَّى اللهُ مَا أَفْهَامٌ نَجِيبَهْ
وَعَتْ قَوْلاً بِمَاءِ الْعَيْنِ يُكْتَبْ
Алланың игілігі жаусын, парасатты саналар
Көз жасымен жазылар сөзді ұғынғанша
عَلَى خَيْرِ الْوَرَى الْهَادِي حَبِيبِهْ
وَآلِهْ وَالَّذِي لِلْطُّهْرِ يَصْحَبْ
Жаратылыстың абзалы, Сүйікті әрі Жолбастаушыға
Және оның әулеті мен пәк серіктеріне