بَادِرْ لَقَدْ فَاتَتْكَ الْغَنَائِمْ
Асық! Олжалардан құр қалдың
Kk
Kk
بَادِرْ لَقَدْ فَاتَتْكَ الْغَنَائِمْ
تَقَاسَمُوهَا وَأَنْتَ نَائِمْ
Асық! Расында олжадан құр қалдың
Сен ұйқыда болғанда оны бөлісіп қойды
وَلَوْ رَأَيْتَ الَّذِينَ فَازُوا
نُحْتَ كَمَا نَاحَتِ الْحَمَائِمْ
Егер сол жеңімпаздарды көргеніңде
Кептерлерше зар еңіреп, мұңайған болар едің
إِنْ رُمْتَ أَلَّا تَكُونَ نَادِمْ
قُمْ لِحَبِيبِ الْقُلُوبِ لَازِمْ
Егер өкініште қалуды қаламасаң
Тұр да, жүректердің Сүйіктісіне байлан
وَلَازِمِ الْبَابَ يَا مُعْنَّى
إِنَّ الْسَّعِيدَ الَّذِي يُلَازِمْ
Ей, қажыған жан, Есіктен айырылма
Расында, бақытты – сол Есікте табан тіреген жан
مَنْ لَازِمَ الْبَابَ نَالَ قُرْبا
وَفَازَ بِالْأَجْرِ وَالْغَنَائِمْ
Кім Есікті күзетсе, жақындыққа жетеді
Сөйтіп үлкен сый мен олжаға кенеледі
وَلَا تَنَمْ سَاعَةَ الْتَّجَلِّي
فَلَيْسَ يَحْظَى بِالْأَجْرِ نَائِمْ
Тәжәлли сәтінде көзіңді ілме
Себебі ұйқыдағы адам сый-сияпат ала алмайды
قَدْ جَرَحَتْ قَلْبِيَ الْخَطَايَا
وَلَسْتُ أَلْقَى لَهَا مَرَاهِمْ
Күнәлар жүрегімді терең жаралады
Оған ешбір ем-шипа таба алмай келемін
سِوَى الْرِّضَا مِنْكَ يَا إِلَهِي
يَا وَاسِعَ الْجُودِ وَالْمَكَارِمْ
Тек Сенің разылығыңнан басқа, уа, Раббым
Уа, жомарттығы мен шарапаты шексіз Ием
وَقَدْ تَوَسَّلْنَا يَا إِلَهِي
بِسَيِّدِ الْعَرَبِ وَالْأَعَاجِمْ
Уа, Раббым, біз Саған уәсилә еттік
Араб пен араб еместің мырзасымен
نَبِيِّنَا الْمُصْطَفَى الْتِّهَامِي
مَنْ جَاءَ لِلْأَنْبِيَاءِ خَاتَمْ
Пайғамбарымыз Мұстафа Тиһамимен
Пайғамбарлардың соңғы мөрі болған жанмен