لِغَيْرِ جَمَالِكُمْ نَظَرِي حَرَامُ
Сұлулығыңыздан өзгеге назарым — харам.
Kk
لِغَيْرِ جَمَالِكُمْ نَظَرِي حَرَامُ
وَغَيْرُ كَلَامُكُمْ عِنْدِي كِلَامُ
Сіздердің көркемдіктеріңізден өзгеге көз салуым – харам
Мен үшін сіздердің сөзіңізден басқаның бәрі – бос сөз.
وَعُمْرُ الْنَّسْرِ مِنْكُمْ بَعْضُ يَوْمٍ
وَسَاعَةُ غَيْرِكُمْ عَامٌ فَعَامُ
Сіздермен өткен ұзақ ғұмыр – күннің бір сәтіндей
Ал өзгемен өткен бір сағат – жылдарға созылғандай.
وَصَبْرِي عَنْكُمُ شَيْءٌ مُحَالٌ
وَمَا لِي قَاتِلٌ إِلَّا الْفِطَامُ
Сіздерсіз сабыр сақтауым – еш мүмкін емес іс
Мені тек сіздерден ажырау ғана өлтіре алады.
إِذَا عَايَنْتُكُمْ زَالَتْ هُمُومِيْ
وَإِنْ غِبْتُمْ دَنَا مِنِّيْ الْحِمَامُ
Дидарларыңызды көргенде барлық уайым-қайғым кетеді
Ал егер ғайып болсаңыздар, маған ажал жақындайды.
أَوَدُّ بِأَنْ أَكُونَ لَكُمْ جَلِيسًا
وَتُنْصَبَ لِي بِرَبْعِكُمُ خِيَامُ
Сіздермен бірге отырып, сұхбаттасуды қалаймын
Және сіздердің жұртыңызда менің де шатырым тігілсе деймін.
فَدَاوُوا بِالْوِصَالِ مَرِيضَ هَجْرٍ
يَهِيمُ بِكُمْ إِذَا سَجَعَ الْحَمَامُ
Қауышумен емдеңіздер айырылу дертіне шалдыққанды
Көгершін уілдегенде сіздерді аңсап, есінен танғанды.
حَدِيثُ غَرَامِهِ فِيكُمْ قَدِيمٌ
وَمَلْبَسُهُ مِنَ الْحُبِّ الْسِّقَامُ
Сіздерге деген ғашықтық хикаясы – тым көнеден басталған
Ал махаббаттан үстіне кигені – тек дерт пен науқастық.
فَأَنْتُمْ فِي الْأُصُولِ أَجَلُّ أَصْلٍ
إِذَا شِئْتُمْ تَحَصَّلَ لِي الْمَرَامُ
Барлық негіздердің ішіндегі ең ұлы негіз – сіздерсіздер
Егер қаласаңыздар, барлық мұрат-мақсатым орындалар.
بِكُمْ صَعْبُ الْأُمُورِ يَعُودُ سَهْلًا
فَبِالْإِحْسَانِ جُودُوا يَا كِرَامُ
Сіздердің себептеріңізбен ең қиын істер жеңілдейді
Уа, жомарттар, бізге кеңшілік пен жақсылық көрсетіңіздер.
وَلَيْسَ سِوَاكُمُ لِلْجُودِ أَهْلًا
فَكَيْفَ نَزِيلُ سُوحِكُمُ يُضَامُ
Сіздерден басқа ешкім де жомарттыққа лайық емес
Сонда қалай сіздердің аулаңыздағы қонақ жәбір көрмек?